Қазақстандық ғалымдардың ғылыми зерттеулері негізінде әзірленген өнімдер «Қазақстанда жасалған» ұлттық брендінің дамуына үлес қосып келеді. Бүгінде білім беру, экологиялық қауіпсіздік, агроөнеркәсіп, тағам өндірісі және құрылыс салаларында қолданылып жүрген отандық технологиялар ғылыми қызмет нәтижелерінің экономикаға енгізіліп жатқанын көрсетеді. Қазақстан Үкіметінің отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов «Қазақстанда жасалған» белгісін ұлттық сапа бренді ретінде дамыту м