Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Жамбыл облысына жұмыс сапарымен барды. Министр өңірдің бірқатар білім беру ұйымдарын аралап, педагогикалық ұжымдармен кездесулер өткізді , «Замануи білім беру» журналы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. Әсіресе, білім сапасын арттыру, шағын жинақты мектептерде оқу процесін ұйымдастыру, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында құқықтық тәрбие беру, ата-аналарды