Ақмола облысына жұмыс сапары аясында Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Қосшы қаласының қоғамдық орталығына барып, балалардың жазғы бос уақытын ұйымдастыру барысымен, қосымша білім беру мүмкіндіктерімен және өскелең ұрпақты дамытуға арналған заманауи инфрақұрылыммен танысты. Министрге балалар мен ересектерге арналған білім беру, мәдени және спорттық кеңістіктерді біріктіретін орталықтың мүмкіндіктері таныстырылды. Мұнда робототехникамен, шахматпен, шығармашылықпен, спортп