top of page

Министр Жұлдыз Сүлейменова Қосшы қаласындағы қоғамдық орталықтың жұмысымен танысты

Ақмола облысына жұмыс сапары аясында Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Қосшы қаласының қоғамдық орталығына барып, балалардың жазғы бос уақытын ұйымдастыру барысымен, қосымша білім беру мүмкіндіктерімен және өскелең ұрпақты дамытуға арналған заманауи инфрақұрылыммен танысты.


Министр Жұлдыз Сүлейменова Қосшы қаласындағы қоғамдық орталықтың жұмысымен танысты

Министрге балалар мен ересектерге арналған білім беру, мәдени және спорттық кеңістіктерді біріктіретін орталықтың мүмкіндіктері таныстырылды. Мұнда робототехникамен, шахматпен, шығармашылықпен, спортпен айналысуға, сондай-ақ қоғамдық және мәдени іс-шараларды өткізуге жағдай жасалған.


Балалардың мазмұнды жазғы демалысын ұйымдастыруға, олардың қабілеттері мен тағлымдарын ашуға, сондай-ақ каникул кезінде білім беру және шығармашылық белсенділікке тартылуына ерекше назар аударылды.


Министр Жұлдыз Сүлейменова Қосшы қаласындағы қоғамдық орталықтың жұмысымен танысты

Сапар барысында заманауи білім беру инфрақұрылымын дамыту, қосымша білім беру мүмкіндіктерін кеңеңейту және балаларды оқыту, тәрбиелеу мен жан-жақты дамыту үшін жайлы орта құру мәселелері талқыланды.


Мұндай қоғамдық орталықтар білім, шығармашылық пен спортты бірыңғай кеңістікте біріктіруге мүмкіндік береді. Бұл балалар мен отбасыларға сапалы бос уақыт пен қосымша білім алуға қолжетімділік қамтамасыз етіп қана қоймай, қалалық әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға ықпал етеді.


Министр Жұлдыз Сүлейменова Қосшы қаласындағы қоғамдық орталықтың жұмысымен танысты

Comments


© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page