Кездесу барысында тараптар академиялық ұтқырлық, кадр даярлау және бірлескен білім беру бағдарламаларын іске асыру бағыттарындағы ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады. Доктор Баматраф Қазақстанның академиялық және зерттеу орталығын дамытудағы жоғары әлеуетін атап өтіп, қазақстандық университеттермен өзара іс-қимылды кеңейтуге қызығушылық білдірді , «Замануи білім беру» журналы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.