Абай университетінде «Тұлғаның психологиялық диагностикасы» оқу-зерттеу зертханасы ашылды. Ғылым және жоғары білім министрілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, «Современное образование» журналы хабарлайды.
Ғылым онкүндігі-2023 аясында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Педагогика және психология институтында «Тұлғаның психологиялық диагностикасы» оқу-зерттеу зертханасының салтанатты ашылуы өтті.
Жаңа зертхананың мақсаты — жалпы және қолданбалы психологияның өзекті мәселелері бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу, оқу және зерттеу процесін қажетті психодиагностикалық құралдармен және ғылыми-әдістемелік қолдаумен қамтамасыз ету болып табылады.
Зертхананың ғылыми-практикалық қызметінің негізгі бағыттары — педагогикалық білім беру саласындағы жаңа ақпараттық технологиялар негізінде әзірленетін қазіргі заманғы компьютерлік психодиагностикалық әдістемелерге бағдарланған психодиагностикалық құралдарды жетілдіру.
ความคิดเห็น