top of page
Search

«Алматыдағы заманауи білім беру күндері» фестивалі өтті

20-21 мамырда Алматыда «Алматыдағы заманауи білім беру күндері» фестивалі өтті – бұл мектептер мен колледждердің түлектеріне, сондай-ақ қайда оқуға баруға болады деп ойлағандардың барлығына арналған бірегей іс-шара.


Фестиваль алаңдарында қырықтан астам білім беру мекемесінің өкілдері оңтүстік елорда тұрғындары мен қонақтарына оқытудың өзекті бағдарламаларын ұсынды, еңбек нарығындағы белгілі бір кәсіптің жағдайы туралы айтып, кәсіби мансапты жоспарлау бойынша кеңестер берді.


Алматылықтар мен мегаполис қонақтары түрлі бағыттар бойынша тамаша көрмелерді, қызықты шеберлік сыныптарын, тұсаукесерлерді, көше қойылымдары мен флеш-мобтарды тамашалады.


Шеберлік сыныптарында жоғары оқу орындары мен колледждердің өкілдері әртүрлі кәсіптердің ерекшеліктерін көрсетті, қажетті өту балдарының санын түсіндірді, белгілі бір оқу орнына түсуге қалай дайындалу керектігін және таңдалған салада сұранысқа ие маман болу үшін қандай дағдылар қажет екенін айтты.


Іс-шараға сондай-ақ Ұлттық тестілеу орталығының өкілдері қатысты, орталықтың сарапшылары ҰБТ жаңалықтары туралы түсініктемелер және тестілеуге қалай жақсы дайындалу керектігі туралы кеңестер берді.


Мамыр айында өтетін ҰБТ-ға қатысатын барлық талапкерлер Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаевтың сөзін тыңдап, грантқа түсу мүмкіндіктері туралы біле алды. Баяндама жасау барысында ҰТО директоры талапкерлердің сұрақтарына жауап беріп, бейіндік пәндердің барлық комбинацияларына берілген өтінімдер саны бойынша деректерді хабарлады.


Оқу орындарының көрмесі Панфилов және Жібек Жолы көшелерінде орналасты.

Фестиваль 20-21 мамырда сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істеді.

Фестивальді ұйымдастырушылар: Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен, Т. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-мен бірлесіп «Современное образование» журналының редакциясы.









Comments


bottom of page