top of page
Search

«Алматыдағы заманауи білім беру күндері» фестивалі 20 және 21 мамырға ауыстырылады

«Современное образование» республикалық журналының редакциясы қызылшамен сырқаттанушылықтың өршуіне байланысты және оқушылардың қатысуымен бұқаралық іс-шаралар өткізуді шектейтін Алматы қаласы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2023 жылғы 30 наурыздағы «Алматы қаласында қызылшаға жол бермеуге бағытталған эпидемияға қарсы шараларды күшейту туралы» қаулысымен 8 және 9 сәуірге жоспарланған «Алматыдағы заманауи білім беру күндері» фестивалінің кейінге қалдырылғанын хабарлайды.


Егер өршіп тұрған ауру басылатын болса, іс-шара 20 және 21 мамырда сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін өтетін болады. Іс-шара бағдарламасы Панфилов және Жібек Жолы көшелерінде оқу орындарының көрмесін және «Люмьера» кинотеатры мен Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының залдарында жоғары оқу орындары мен колледждердің қабылдау комиссиялары мамандарының қатысуымен Білім беру бағдарламаларының форумын өткізуді қамтиды.


Іс-шараның мақсаты – талапкерлер мен ата-аналарға жоғары оқу орындары мен колледждерге түсу және оқу шарттары, кәсіптер мен мамандықтар туралы толық ақпарат беру.



Ұйымдастыру комитетінің телефондары: 8 (727) 377 31 43; +7 701 766 09 25,

+7 707 716 85 70, e-mail: medialab@bilim.expert




© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page