Министр Саясат Нұрбек пен Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Осы құжат аясында Студенттік жатақханалар құрылысының жобалық офисі ашылды. Ғылым және жоғары білім министрілігі сілтеме жасай отырып, «Современное образование» журналы хабарлайды.
Жобалық кеңсенің негізгі міндеті Алматы қаласының аумағында жатақханалар салу және студенттерді тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны іске асыру үшін қолайлы жағдайлар жасау, атап айтқанда, қала әкімдігі мен Қаржы орталығы тарапынан тұрғын үй салуға мүдделі жоғары оқу орындары мен әлеуетті инвесторларға жедел заңгерлік, консультациялық және сараптамалық қолдау көрсету болады.
«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша біз студенттер үшін жатақханалар салу жұмысын бастап кеттік. Бүгін халық ең тығыз орналасқан қала – Алматыда жобалық кеңсе өз есігін ашты, енді осындай кеңселерді жатақханаларға қажеттілік бар басқа қалаларда, атап өтсем, Астана, Ақтөбе және Шымкентте ашуды жоспарлап отырмыз», - деді министр.
Comments