top of page
Search

Алматы қаласы колледж студенттері арасындағы "Hackathon" қалалық байқауы

Алматы қаласы колледж студенттері арасындағы "Hackathon" қалалық байқауы өткізілді. Алматы қаласының білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап, «Современное образование» журналы хабарлайды.


Алматы қаласы білім басқармасы Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің жоспарына сай Алматы мемлекеттік политехникалық колледжі базасында 2023 жылдың 17-18 мамыр күндері Алматы қаласының колледж студенттері арасында «Hackathon 2023» қалалық байқауы өткізілді.


Іс-шараның мақсаты Алматы қаласында техникалық және кәсіптік білім алушылар арасында инновациялық қызметті танымал ету, сондай-ақ білім алушылардың кәсіби шеберлігін арттыруға жәрдемдесу болса, міндеттері:


Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары студенттеріне көмек көрсету мақсатында IT компаниялардың әлеуметтік әріптестері мен жұмыс берушілерін тарту; сондай-ақ білім алушылардың бастамалары мен жобаларын қолдау.


Алматы қаласының ІТ мамандығында оқып жатқан студенттерден құралған 6 колледж командасы (жалпы саны 30 студент) сарапшылардан «Мобильді қосымшаны әзірлеу және сайт құру» тапсырмасын алды.


Екі күнге созылған байқауда командалар әзірлеген жобаларын қазылар алқасының мүшелеріне "elevator pitch" форматында ұсынды.

Жұмыс нәтижелерін Сараптамалық қазылар алқасының мүшелері төмендегі критерийлерге сәйкес 100 балдық шкала бойынша бағалады:

  • жоба идеясы;

  • инновациялылығы;

  • Хакатон тақырыбына сәйкестігі;

  • Оpen Standards, Open Data, Оpen Source пайдалану

  • пайдаланушылар мен деректердің қауіпсіздігі

  • масштаб;

  • қолдану мүмкіндігі;

  • интерфейс және usability;

  • функционалдылық;

  • презентация;

  • сөйлеу.

Әлеуметтік серіктестерден құралған сарапшылардың бағалауының негізінде:

1 орынды - Алматы мемлекеттік политехникалық колледжінің «CodeGenius» командасы;

2 орынды -Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжінің «Creative Code» командасы;

3 орынды –Алматы мемлекеттік энергетика және технологиялар колледжінің «Energo life» командасы және Алматы көпсалалы колледжінің «QWERTY» командасы иеленді.


Comments


bottom of page