Астанада ғылыммен айналысатын қазақстандық әйелдерге арналған дағдылар марафоны өтті. Ғылым және жоғары білім министрілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, «Современное образование» журналы хабарлайды.
Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму бағдарламасының (БҰҰДБ) қолдауымен Астанада ғылыммен айналысатын қазақстандық әйелдерге арналған дағдылар марафоны өтті. Жиында Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. Саясат Нұрбек ғылымдағы әйелдердің рөлі туралы сөз қозғады.
Еліміздегі университеттерде түрлі қызметте еңбек ететін әйел ғалымдар өздерінің зерттеушілік қабілеттерін дамытуға және «жұмсақ» дағдыларды жетілдіруге бағытталған іс-шараларға қатысты.
Іс-шарада сөз сөйлеген Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. Саясат Нұрбек еліміздегі білім мен ғылымды дамыту бағытында жүйелі шаралар іске асырылып жатқанын атап өтті. Жоғары білімге қолжетімділік соңғы жылдарда айтарлықтай өсті. Техникалық мамандықтарға бөлінетін мемлекеттік білім беру гранттарының саны артып келеді. Қаңтар айынан бастап ғылымды қаржыландыру көлемі де айтарлықтай ұлғайды.
Comments