top of page
Search

Ақтөбеде әскери ғылымды дамытудың басым бағыттарын талқылады

Ақтөбеде ТМД қорғаныс ведомстволары жоғары оқу орындарының оқытушылары әскери ғылымды дамытудың басым бағыттарын талқылады. Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, «Современное образование» журналы хабарлайды.


XVII Халықаралық ғылыми-теориялық конференция Достастыққа қатысушы мемлекеттер Қорғаныс министрлері кеңесінің жұмыс жоспарына сәйкес өтті.


Іс-шара Кеңес Одағының екі мәрте Батыры Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштері әскери институтының базасында өтті. Әскери ғалымдарды қарсы алған жоғары оқу орнының бастығы полковник Талғат Сыздықов мұндай форумдардың Қарулы күштер қызметінің басым бағыттары бойынша тәжірибе алмасу тұрғысынан маңыздылығын атап өтті.


Конференцияда Беларусь, Қазақстан, Ресей және Өзбекстан қорғаныс министрліктері жоғары әскери оқу орындарының, ғылыми-зерттеу институттарының өкілдері баяндама жасады.


Жұмыс секциялар бойынша ұйымдастырылды.

Олардың бірінде конференцияға қатысушылар әскери мамандарды кәсіби даярлауды жетілдіру мәселелерін талқылады.

Қазіргі жағдай мен перспективаларды ескере отырып, қару-жарақ пен әскери техниканы пайдалану екінші секцияда сөз болды.

Үшінші секцияда мамандар әскери тарих пен тактика саласындағы өз зерттеулерін ортаға салды.


Comments


bottom of page