top of page
Search

Бала тәрбиесі – бүкіл қоғамның міндеті

Ғани Бейсембаев мемлекеттік орган өкілдерімен кездесті, «Современное образование» журналы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.


Елордада ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ұйымдастыруымен «Біртұтас тәрбие бағдарламасы: құндылықтар мен оларды іске асыру» тақырыбында республикалық семинар-кеңесі өтті. Оған жергілікті атқарушы органдардың және орталық мемлекеттік органдары аумақтық бөлімшелерінің 200-ден астам өкілі қатысты. Бағдарламаға сәйкес мектеп оқушыларын тәрбиелеуде мұғалімдер мен уәкілетті органдардың бірыңғай тәсілін қарастыру жоспарланды.


Жиынға қатысушылардың алдында сөз сөйлеген Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев өскелең ұрпақты тәрбиелеуде біртұтас жұмысты ұйымдастырудың маңыздылығын атап өтті.


«Бала тәрбиесі – бүкіл қоғамның міндеті. Барлығымыз біріге отырып, оқу-тәрбие процесін тиімді ұйымдастыруымыз қажет. Балалардың бойына адами құндылықтарды сіңіріп, мүдделі тараптардың ауызбіршілігін арттыруымыз керек. Біртұтас тәрбие бағдарламасы осы мақсаттарға жетудің тиімді құралдарының біріне айналады», – деді Ғани Бейсембаев.

Айта кетейік, «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» бойынша мемлекеттік қызметшілерге арналған семинар шеңберінде Алтынсарин академиясының психология, тәрбие беру және тұлғаны дамыту орталығының қызметкерлері іс-шараның тәжірибелік бөлігін жүргізді.


Тапсырмалар жағдайды талдауға арналды және профилактикалық бөлімге қарай бағытталды. Семинарға қатысушылар тәрбие беру үдерісіне әсер ететін әлеуметтік, экономикалық және педагогикалық факторларды анықтады. Сондай-ақ қамтылған жағдайлардың әрқайсысы бойынша өз ұсыныстары мен тілектерін ортаға салды.









Comentários


bottom of page