top of page
Search

«Болашақ» түлегінің медициналық стартапы халықаралық конкурста ең үздік деп танылды

«Болашақ» түлегінің медициналық стартапы халықаралық конкурста ең үздік деп танылды. Ғылым және жоғары білім министрілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, «Современное образование» журналы хабарлайды.


«Болашақ» бағдарламасының түлегі Досжан Жүсіповтің медициналық стартапы Global Startup Awards халықаралық конкурсында Best VerTech startup 2023 номинациясы бойынша жеңіске жетті.


Конкурстың финалы Дания астанасы Копенгагенде өтті. Қазақстандықтар Кения, Нигерия, Түркия, Дания, Өзбекстан және Норвегиядан келген бәсекелестерді басып озды. Конкурсқа барлығы 120 елдің командасы қатысты.


Болашақшының «Cerebra» атты инновациялық әзірлемесі дәрігерлерге барынша жылдам әрі нақты инсультті диагностикалауға көмектеседі. Жасанды интеллект 4 минуттың ішінде инсультті анықтайды және бас миының нақты картинасын ұсынады. Досжанның сөзінше, әдеттегі практикада бұған дәрігерлердің бірнеше сағаты кетеді, ал өңірлерде анықтау үшін тәулік өтуі мүмкін. Платформа ишемиялық және геморрагиялық инсультті анықтайды.

«Шетелде жобаға АҚШ, БАӘ және Өзбекстанда қызықты. Қазіргі уақытта келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Әлемде бұған ұқсас алты түрі бар, алайда олар біздің технологияға қарағанда өте қымбат. Қазақстандық клиникаларда инновациялық әзірлеме тегін жұмыс жасайды. Қазіргі таңда елімізде 50 аурухана Cerebra-ны қолданып отыр», - деді Досжан Жүсіпов.

Бұрын Досжан Жүсіповтің жобасы Emerge Challenge 2021 финалисі атанып, 700 стартаптың ішінен 5 үздікке, Slingshot 2020 нұсқасы бойынша 500 үздікке кірді және басқа.


2022 жылдың желтоқсанында Cerebra жеделдетілген есептеулер үшін инновациялық бағдарламалық шешімдер әзірлейтін стартаптарға арналған Intel@oneAPI бағдарламасына қосылды.



Comments


bottom of page