top of page
Search

«Болашақ» түлегі тіс эмалін қайта қалпына келтіретін имплант ойлап тапты

Ғалым-«Болашақ» түлегі тіс эмалін қайта қалпына келтіретін имплант ойлап тапты. Ғылым және жоғары білім министрілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, «Современное образование» журналы хабарлайды.


«Болашақ» түлегі, PhD, биолог-генетик Бауыржан Айтуов тіс эмалін қалпына келтіретін InnoDent технологиясын ойлап тапты. Аталмыш жаңалық тіске түсе бастаған дақ түріндегі кариесті емдеуге мүмкіндік береді.


Бауыржан әріптестерімен бірге бұзылған эмалді қалпына келтіру үшін амин қышқылдарынан амелогенин ақуызын жасанды түрде синтездеді. Оның айтуынша, оны кариестің алғашқы сатысында тіске тамызса, бір ай ішінде тіс эмалі қалпына келеді. Осылайша дәрі тіс жегісін бұрғылаусыз, отасыз емдеуге мүмкіндік береді.


Өнертапқыштың технологиясы патенттелген. Бүгінгі таңда бұл препаратты тек елде ғана емес, шетелде де қолданып отыр.


Бауыржан Айтуов «Болашақ» бағдарламасымен Йорк университетінде генетика саласындағы бакалавр дәрежесін алды.


Бүгінде жас ғалым әртүрлі биотехнологиялық жаңалықтарды ашумен айналысып жатыр.



© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page