top of page
Search

Жұбанов Университетінде Ә. Марғұлан атындағы Археология институтының филиалы ашылды

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің тарих факультетінде Ә. Марғұлан атындағы Археология институтының Батыс Қазақстандағы филиалы ашылды, «Современное образование» журналы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Университет Жубанова

Университет тарихындағы маңызды шараны қолдау мақсатында Түркия, Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан елдерінен және еліміздің түкпір-түкпірінен белгілі тарихшылар мен ғалымдар келді.


Филиалдың ашылуына Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің ректоры Лаура Қарабасова қатысты.


«Археологиялық ғылымды дамытуымыз керек. Бұл - біздің негізгі тарихымыз. Институт филиалын ашуда Ақтөбе облысының таңдалғаны өте маңызды. Бүгінде батыс өңірінде және басқа да облыстарда археологиялық зерттеулер белсенді жүргізілуде. Жаңа тарихи орындар анықталып, көптеген кітаптар жазылуда. Мұның бәрі өскелең ұрпақ үшін мол мұра», – деді Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров.
Университет Жубанова





© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page