top of page
Search

М. Әуезов атындағы ОҚУ-да министрдің жеке жоғары оқу орындарының басшыларымен кездесуі өтті

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ЖОО қауымдастығының «Жекеменшік білім беру және әлеуметтік жауапкершілік» тақырыбында өткен жиынға қатысты. ҚР ҒЖБМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, «Современное образование» журналы хабарлайды.


Кездесудің басты мақсаты – білім сапасын арттыру және жекеменшік жоғары оқу орындарындағы мәселелерді ортаға салып, шешімін табу. Жиын барысында 60-қа жуық жеке жоғары оқу орындары басшылары өз университеттерінде жүргізіліп жатқан жұмыстары мен ұсыныстарын айтты.


Министр Саясат Нұрбек жоғары оқу орындарының білім сапасын арттыруда жүргізіліп жатқан жұмыстарға, ғылымды қаржыландыру мәселесіне тоқталып, жақында АҚШ-қа жұмыс сапары барысында келісілген Coursera әлемдік курстары туралы баяндады. Сондай-ақ, министр келешекте мемлекеттік және жекеменшік деп бөлмей, бір бағытта қолдау көрсетілетіндей жоба жасалынатынын жеткізді.


«Жекеменшік университеттердің бір артықшылығы – шапшаңдық. Ол дегеніміз жекеменшік жоғары оқу орындарының тез арада өзгерістер енгізу, бағдарламаларды тапшылыққа сәйкес бейімдеп ұсыныстар енгізу мүмкінішілігі бар», - деді ведомство басшысы.


Жиын аяқталған соң ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жекеменшік жоо-лардың басшылары мен құрылтайшыларын жеке-жеке қабылдады.


Сапар аясында министр Әуезов университетінің жас ғалымдарының ғылыми-зерттеу жобаларымен танысты. Саясат Нұрбекке «Археология және антропологиялық зерттеулер» ғылыми орталығы, «Дала шипасы» ғылыми орталығы, «Технологиялық процестердің инновациялық жабдықтары» ғылыми-зерттеу зертханасы, «Тамақ инженериясы» оқу және өнеркәсіптік зертханасы,шағын механикаландырудың коммерцияланатын ауыл шаруашылығы жобалары бойынша шағын көрме, ТНиНП кафедрасының «Бейорганикалық қышқылдар мен тұздардың технологиялары», «Қазфосфат» ЖШС-мен ынтымақтастық зертханасы және силикат материалдарын сынаудың заманауи әдістерінің кешенді зертханасы таныстырылды.





Comments


bottom of page