ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректорының міндетін атқарушы ретінде қызметіне тағайындалған Нұркен Әшіровті өнер-білім ордасының ұжымына таныстырды, «Современное образование» журналы ҚР Мәдениет және ақпарат баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Нұркен Әшіров Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік стипендия иегері.
2004-2010 жылдары Н.Тілендиев атындағы «Отырар сазы» фольклорлық-этнографиялық оркестрінің Бас концертмейстері және солисі қызметін атқарған.
2018-2019 жылдар аралығында Құрманғазы атындағы ҚҰК Халық музыкасы факультетінің деканы қызметін атқарған.
2019 жылдан қазіргі уақытқа дейін Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатының директоры қызметін атқарды.
Аида Балаева Қазақ ұлттық консерваториясының жаңа басшыны құттықтап, қызметін абыроймен атқаратынына үлкен сенім білдіріп, жұмысына сәттілік тіледі.
![Нуркен Нургалиевич Аширов](https://static.wixstatic.com/media/f48cb8_e91bcd9578bb4f3685335717384f58c0~mv2.jpg/v1/fill/w_980,h_653,al_c,q_85,usm_0.66_1.00_0.01,enc_auto/f48cb8_e91bcd9578bb4f3685335717384f58c0~mv2.jpg)
Comments