top of page
Search

Саясат Нұрбек: өңірлік университеттерге екінші дем беру керек

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Теміртаудағы Қарағанды индустриалды Университетінде болды. Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаевпен бірге ЖОО түлектерін құттықтап, дипломдар табыстады, «Современное образование» журналы хабарлайды.


Саясат Нұрбек түлектерге жасанды интеллект дәуірі басталған кезде жаңа шындықта өз орнын табуды тіледі. Министр екі кеңес берді: ағылшын тілін жетік білу және оқуды тоқтатпау.


Биыл ҚарИУ сұранысқа ие мамандықтар бойынша 300-ге жуық маман шығарады. Олар жергілікті кәсіпорындарға жұмысқа орналаса алады.


«Бүгін біз Saran индустриялық аймағын дамытып жатырмыз, алайда қарапайым жұмысшылар мен инженерлердің жетіспеушілігіне тап болдық. Өңірге, техникалық білімі бар 1000-нан астам адам қажет. ҚарИУ өңірге қажет осындай мамандарды даярлап шығаруда. Сіздер біздің облыстың дамуына өз үлесіңізді қосасыздар деп үміттенемін. Баршаңызды құттықтаймын және ақ жол!», – деді Ермағанбет Бөлекпаев.

Саясат Нұрбек пен Ермағанбет Бөлекпаев университет ғалымдарының жетістіктері көрмесімен танысты. Мұнда ғылыми және білім беру инновациялары енгізілді. Сондай-ақ, гранттық қаржыландыру бойынша жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы айтылды.


Министр бүгінде аймақтық университеттерге баса назар аударылатынын атап өтті.


«Биылдан бастап өңірлік университеттеріне ауыл шаруашылығы саласы үшін техникалық мамандар мен кадрлар даярлауға жеке квота бөлінеді. Біз «Академиялық шеберлік орталығы» бағдарламасын іске қостық. Жабдықтарды, зертханаларды, оқу-әдістемелік кешендерді сатып алу, мықты мамандарды, соның ішінде шетелден тарту үшін қосымша қаржы алатын 15 өңірлік университет таңдалды. Қарағанды облысының университеттерінде тарихи тұрғыдан өте мықты база бар, олар өндіріспен, техникалық және ғылыми әзірлемелермен тығыз байланыста. Өңірлік жоғары оқу орындарына екінші дем беру керек», – деді Саясат Нұрбек.

Сонымен қатар Министр ғылымды қаржыландырудың ұлғаюы туралы хабарлады. Оның айтуынша, биылдан бастап жас ғалымдарға жыл сайын 1000 грант беріледі.













Kommentare


bottom of page