top of page
Search

Суицид пен зорлық-зомбылықтың алдын алу курстары: 3500 педагогтің біліктілігі арттырылады

Биылғы жылдың соңына дейін 3500-ге жуық педагог балалар арасындағы құқық-бұзушылықтарды болдырмау, сондай-ақ білім беру ұйымдарында қолайлы тәрбиелеу ортасын қамтамасыз ету бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтеді, «Современное образование» журналы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.


Оқыту онлайн және офлайн жүргізіледі, ол орта мектептердің басшыларын, педагогтерін және педагог-психологтарын қамтиды.


Аталған білім беру бағдарламалары бойынша жыл басынан бері еліміздің әр өңірінен 7400-ден астам педагог қажетті білім мен дағдыларға ие болды.


Айта кетейік, балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен саламаттығын қамтамасыз етудің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарды іске асыру кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі аспектілерін қамти отырып, белсенді түрде жүргізілуде.





















Commentaires


bottom of page