top of page
Search

Түркі әлемі Ұлттық ғылым академиялары одағы президиумының VI отырысы өтті

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Ғылым апталығы аясында Түркі әлемі Ұлттық ғылым академиялары одағы президиумының VI отырысы өтті. Ғылым және жоғары білім министрілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, «Современное образование» журналы хабарлайды.


Алқалы жиынға ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Халықаралық Түркі академиясының президенті Шаһин Мұстафаев, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев, ҚР ҰҒА президенті Күнсұлу Закария, Қырғыз Республикасы ҰҒА президенті Қанатбек Әбдірахматов, Татарстан Республикасы ҒА вице-президенті Дания Загидуллина, Түркия ҒА президенті Музаффер Шекер және Әзірбайжан, Моңғолия, Башқұртстан, Өзбекстан Ғылым академияларының басшылары, отандық және шетелдік түркітанушы ғалымдар, университеттің оқытушы-профессорлары қатысты.


Басқосуда ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек баяндама жасап, ғылым академиялары арасындағы ғылыми серіктестікті арттыру мәселелеріне тоқталды.

«Еліміздегі ғылым саласы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей бақылауында. Ұлттық ғылым академиясына Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» мәстебесі берілді. Түркі мемлекеттері арасындағы серіктестік тек қана экономика саласымен шектеліп қана қоймай, бүгінде ғылым, инновация, технология бойынша байланыс артып келеді. Алдағы уақытта бауырлас мемлекеттермен бірлесіп тәжірибе алмасу, ғалымдарды тағылымдамадан өткізу, зерттеулер жүргізу, ортақ гранттар тағайындау секілді жұмыстарды атқару жоспарланып отыр», – деді министр.

Сондай-ақ жиында Түркі әлемі Ұлттық ғылым академиялары одағының басшылары атқарып жатқан жұмыстары мен алдағы жоспарлары туралы баяндады. Сонымен қатар Түркі әлеміндегі ғылыми ынтымақтастықты дамыту жолдарын талқылап, өзара пікір алмасты.



© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page