1.03.2024.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қариннің төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті, «Современное образование» журналы Ақорда сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Комиссия отырысында ғылыми тағылымдамалар бағдарламасының тиімділігін арттыру мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар Комиссия шешімімен 2024 жылға арналған «Болашақ» халықаралық стипендиясы аясында тағылымдамадан өту үшін қызметкерлер санаттарының тізімі бекітілді.
Отырыс қорытындысы бойынша Мемлекеттік кеңесші «Болашақ» халықаралық стипендиясын одан әрі іске асыру жөнінде нақты тапсырмалар берді.
Comentarios