top of page
Search

Ғылым мен бизнес интеграциясы бойынша форум өтті

Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде «Ғылым апталығы» EKTU RnD FORUM-2023 халықаралық форумымен басталды. Ғылым және жоғары білім министрілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, «Современное образование» журналы хабарлайды.


Университет пен индустрияның байланыс алаңы мақсатында өтіп жатқан іс-шара халықаралық сарапшыларды, бизнес, жергілікті атқарушы билік өкілдерінің басын қосты.


Форумда Қазақстандағы Германия елшісінің тұрақты орынбасары Холгар Колли, ҚНУ Президенті Роммель Волрад, «Ғылым қоры» АҚ Басқарма төрағасы Әбділда Шаменов, «QazInnovations» Инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттіг» АҚ Басқарма Төрағасы Санат Аханов, «Арселор Миттал Теміртау» АҚ Александр Полчин және т.б. спикерлер сөз сөйледі.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жеделхат арқылы форумның ашылуына сәттілік тілеп, маңызын атап өтті.


Қатысушылар пленарлық сессия барысында «RnD – ғылым мен бизнесті дамытудың тиімді механизмі», «RnD қолдау механизмдері: Қазақстан тәжірибесі мен халықаралық трендтер», «RnD қолдау механизмдері: Қазақстан тәжірибесі мен халықаралық трендтер» тақырыптары талқыланды.


Форумда ғылым мен бизнесің интеграциясындағы ең маңызды аспект – екі сала арасындағы байланыс екені, бұл үрдіс қаншалықты қиын болмасын заман сұранысына сай алғашқы коммуникациялық механизмдері жүзеге асып жатқаны айтылды.


Спикерлер БАҚ өкілдері, қатысушылардың сұрақтарына да жауап берді.

Іс-шара соңында Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ мен кәсіпорындар, жоғары оқу орындары, концерндер арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.



© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page