top of page
Search

Қазақстандық урбанистер қауымдастығымен меморандумға қол қойылды

Қазақстандық урбанистер қауымдастығымен меморандумға қол қойылды. Ғылым және жоғары білім министрілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, «Современное образование» журналы хабарлайды.


Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Q88 Қазақстандық урбанистер қауымдастығы арасында меморандумға қол қойылды, оған сәйкес тараптар урбанистика және қала құрылысы саласында білім беру бағдарламаларын әзірлеу және енгізу мәселелерінде ынтымақтасуға ниетті.


ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек «Аумақтарды кешенді дамыту стандарты» әдістемелік құралының тұсаукесеріне қатысты.

«Стандарттарды жаңарту – маңызды процесс. Сондықтан Қазақстанның жоғары білім беру жүйесі ұлттық білім беру бағдарламаларын жаңарту үшін ТКД стандартын іске асырумен айналысқандардың сараптамасын міндетті түрде пайдаланады. Бүгінгі таңда 299 білім беру бағдарламасының 80% - ы ескірген, білім беру барысында ескірген суреттер, қала құрылысында ескі тәсілдер қолданылады. Олар жаман болды деп айтуға болмайды, бірақ білім беру жүйесінде ең жақсы әлемдік тәжірибені пайдалану маңызды», - деді министр.





© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page