top of page
Search

Қозыбаев университетінде DeSTT жобасын іске асыру қорытындылары

Қозыбаев университетінде DeSTT жобасын іске асыру қорытындылары. Ғылым және жоғары білім министрілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, «Современное образование» журналы хабарлайды.


Үш жыл бойы Қозыбаев университеті Еуропалық Одақтың Erasmus+ бағдарламасының DeSTT «Көшбасшылық дағдыларды дамыту және педагогтарды көшбасшылыққа оқыту» жобасына қатысты.

Ол көшбасшылық саласындағы оқытушылардың біліктілігін арттыруға, жоғары педагогикалық білім беру саласындағы мамандарды даярлауға арналған.


Ғылыми-практикалық конференцияда жобаның қорытындысы шығарылды. Үйлестірушісі Джовани Бетта, DeSTT, мұғалімдердің көшбасшылық құзыреттерін дамытуға бағытталғанын айтты.

Оған 9 серіктес ЖОО жұмылдырылған. Халықаралық жобаға Испания, Италия, Польша, Моңғолия университеттері және екі қазақстандық– Қозыбаев университеті мен UIB Халықаралық бизнес университеті кіреді.


Олардың әрқайсысында жобаны іске асыру барысында Көшбасшылықтың Білім беру Орталықтары ашылды. Қозыбаев университетінің КБО базасында үш жыл ішінде Солтүстік Қазақстан мұғалімдері, магистранттар, сондай-ақ ҚР «Өрлеу» БАҰО жаттықтырушылары үшін көшбасшылықты оқыту бойынша көптеген шеберлік сыныптары, тренингтер, семинарлар өткізілді (барлығы 300-ге жуық адам).


Жаттықтырушылар ретінде Кассино және Оңтүстік Лацио (Италия), Сантьяго-де Компостела (Испания), әлеуметтік ғылымдар (Польша) және UIB (ҚР) университеттерінде алдын ала оқытудан өткен және өздерінің кәсіби дағдыларын арттырған Қозыбаев университетінің оқытушылары қатарынан DeSTT жұмыс тобының мүшелері сөз сөйледі.


Сонымен қатар, ғылыми мақалалар жарияланды, «Білім берудегі көшбасшылық» тақырыбында оқу құралдары құрастырылды, ұжымдық монография дайындалды. Педагогикалық бағыттағы магистранттарға арналған оқу курстары әзірленді.

Көшбасшылық Білім беру Орталығының жұмысы аясындағы барлық іс-шаралар одан әрі жалғасатын болады.



bottom of page