top of page
Search

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары және ҚР Ғылым және білім министрі Алматыға жұмыс сапарымен барды

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Алтай Көлгінов пен ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жұмыс сапарымен Алматы қаласында болды. Ғылым және жоғары білім министрілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, «Современное образование» журналы хабарлайды.


Премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгінов пен Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Алматыда жатақхана құрылысы бойынша құрылған жобалық кеңседе жоғары оқу орындары ректорларымен және инвесторлармен кездесті.


Ары қарай делегация «Ғылым ордасына» барып, ғимаратта жүргізілетін күрделі жөндеу жұмыстары жоспарымен танысты. Биылғы жылдың сәуір айының аяғынан бастап Алматы қаласының жергілікті бюджеті есебінен «Ғылым ордасы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ғимаратында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.


Сондай-ақ, премьер-министрдің орынбасары мен министр әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ғылыми-техникалық инфрақұрылымымен танысты. Қонақтар алдымен Дәрілік өсімдіктерді ғылыми-зерттеу орталығына барып, дәрілік препараттар әзірлейтін құрылғыларды көрді.


© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page