Облыстық білім басқармасында түлектерге арналған мақсатты білім гранттары бойынша ақпараттық-насихаттау жұмыстарын жүргізу туралы айтып берді. Облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, «Современное образование» журналы хабарлайды.
Жыл сайын Маңғыстау облысында басым мамандықтар бойынша арнаулы дайындыққа жергілікті бюджеттен білім гранттары бөлініп, конкурстық негізде тағайындалады. Бұл гранттардың басым бөлігі халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын түлектерге беріледі.
Биылғы оқу жылында жергілікті бюджеттен еліміздің 18 университетінде білім алуға 175 грант бөлінді. Келесі оқу жылында қандай бағыттар бойынша гранттар бөлінетіні туралы 2023 жылдың көктемінде өтетін конкурстық комиссияның отырысында облыстың сала басқармаларының сұраныстары негізінде шешілетін болады.
Жергілікті бюджеттен бөлінген білім грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін түлектер облыстық білім басқармасында құрылған қабылдау комиссиясына өтінім тапсырады. Грантты тағайындау бойынша шешімді әкімшілік жанындағы арнайы комиссия қабылдайды. Еліміздегі жоғары оқу орындарына қабылдау 25 тамызға дейін жүргізіледі. Өткен оқу жылында Маңғыстаудың мектеп пен колледждерінің 175 түлегі жергілікті бюджеттің есебінен ЖОО-на түсті. 2018 жылдан бері 600 студент еліміздегі маңдайалды университеттерінде кәсіби білім алуда, кейін олар оқуын тәмамдаған соң Маңғыстау аймағында қызмет ететін болады.
Аймақтағы денсаулық сақтау саласындағы кадр тапшылығы ескеріліп, 2022 жылы облыс әкімі грантының 85,7 пайызы «Жалпы медицина» мамандығына бөлінді.
Атап өтер болсақ, 2018 жылы - 150 бакалавриат, 25 магистратураға, 2019 жылы - 165 бакалавриат, 10 магистратураға, 2020 жылы - 170 бакалавриат, 5 магистратураға, 2021 жылы - 165 бакалавриат, 10 магистратураға және 2022 жылы – 175 бакалавриатқа гранттар бөлінді.
Comentários