top of page
Search

15 мыңға жуық талапкер грант конкурсына қатысу үшін құжаттарын тапсырды

Бүгін еліміз бойынша білім беру гранттары тағайындау конкурсына қатысу үшін өтініштер қабылдау кампаниясы басталды, ол 20 шілдеге дейін жүргізіледі, «Современное образование» журналы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.


15 мыңға жуық талапкер грант конкурсына қатысуға ниет білдіріп, өтініштерін жіберді. Ең көп өтініш «Педагогикалық ғылымдар» және «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары» бағыттарына берілді. Әр салаға 3 мың өтініштен келген.


Естеріңізге сала кетсек, биыл құжаттарды қабылдау еGov арқылы онлайн форматта немесе жоо-лардың қабылдау комиссиялары арқылы офлайн форматта жүзеге асырылады. Сондай-ақ, ЖОО-да виртуалды қабылдау комиссиясы жұмыс істейтін болады. Құжаттарды кез келген жоо (орналасқан жері бойынша) арқылы тапсыруға болады.


Дегенмен кейбір азаматтар еGov порталы арқылы қызмет алу барысында ҰБДҚ ақпараттық жүйесінде орын алған ақауларға байланысты техникалық мәселелерге тап болған. Қазіргі таңда ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі ҚР Цифрлық даму инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қолдауымен ҰБДҚ ақпараттық жүйесіндегі ақауларды жою бойынша жұмыстар жүргізуде.


Атап өтсек, отандық жоо-ларға оқуға түсу үшін талапкерлер жеке куәлік, ҰБТ сертификатын; 3 х 4 көлеміндегі фото, орта білім туралы аттестат (техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ) ұйымдарының түлектері үшін диплом), сондай-ақ, жеңілдетілген санат бойынша конкурсқа қатысу үшін растайтын құжаттар ұсынады.


























留言


bottom of page