top of page
Search

16 оқушы «Зерде» XVIII Республикалық конкурсында бас жүлдеге ие болды

16 оқушы «Зерде» XVIII Республикалық конкурсында бас жүлдеге ие болды. ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, «Современное образование» журналы хабарлайды.


Оқушылардың инттелектуалдық әлеуетін шыңдауға бағытталған «Зерде» XVIII республикалық конкурсы өз мәресіне жетті. Еліміздің әр өңірінен келген 2-7-сынып оқушылары 3 күн бойы 500-ге жуық жоба қорғады.


«Дарын» РҒПО-ның хабарлауынша, конкурстың қорытындысы бойынша бас жүлдені 16 оқушы жеңіп алды. 63 оқушы І дәрежелі дипломға ие болса, 2-ші орын - 94, 3 орын 155 оқушыға берілді.

Оқушылардың 12 секция бойынша қорғаған зерттеу жұмыстарын еліміздің жоғарғы оқу орындарының ғалым-профессорлары мен медициналық колледждің аға оқытушылары бағалады. Қазылар алқасы республикалық конкурсқа келген әр қатысушы көтерген тақырыптың ауқымы кең, жас ғалымдардың ізденісі жоғары екенін ерекше атап өтті.

«Оқушылар ұсынған жобаларының көпшілігі ерекше. Бір-бірін қайталамайды, соның ішінде менің назарымды аударған бірнеше зерттеу жұмыс болды. Физика, ғарыш секциясы бойынша Алматы облысынан келген оқушы күн сәулесінен энергия алатын құрылғы жасаған. Оның жобасы тек макет емес, толық жұмыс жасап тұр, 5-6 телефонды зарядтауға мүмкіндік береді. Медицина, психология, экология секциясы бойынша «Вейп - жаңа заман ойыншығы ма, әлде қайтымсыз денсаулық па?» деген тақырып көтерілді. Жүлдегердің бірі - баламалы энергия көздерін өндіруді ұсыныды. Барлығы да жан жақты толық зерттелген жұмыстар»,– дейді Л.Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры, қазылар алқасының төрағасы Тілеген Садықұлы.

Айта кетейік, «Зерде» XVIII республикалық конкурсына Қазақстан бойынша 2-7-сынып аралығында оқитын 600-ге жуық оқушы қатысты.



Σχόλια


bottom of page