top of page
Search

50-ге жуық қазақстандық оқушы АҚШ-та өтетін дүниежүзілік робототехника чемпионатына жолдама алды

ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен «USTEM Robotics» қоғамдық қорының қолдауымен өткен «Central Asia FIRST CHAMPIONSHIP – 2023» робототехникадан Орталық Азия ойындары өз мәресіне жетті. ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, «Современное образование» журналы хабарлайды.


Астана қаласында ақпан айының 24-26 аралығында «Central Asia FIRST CHAMPIONSHIP – 2023» робототехникадан чемпионат өткен болатын. Оған еліміздің әр аймағынан 1200 оқушы қатысты. Биылғы жарыс энергия тақырыбына арналды.

«Чемпионат үш жас санатына орай өтті. Кішкентай балалар санаты бойынша Алматы қаласының оқушыларынан құрылған Adeptus Mechanicus тобы АҚШ-тың өтетін басты жарысқа жолдама жеңіп алды. Ортаңғы санатта басты жүлдені Алматылық «Play 4 Energy» тобы иеленді. Бұл санаттарда Шымент қаласының Clutch және қарағандылық JelToqSun топтары АҚШ-тың Worcester Polytechnic Institute-де өтетін АҚШ-тың ашық чемпионатына жолдама алды. Ал 12-18 жас санатындағы басты жүлдегерлер - алматылық AENTA және NIS Kyran топтары. Үш күнге созылған сайыс тартысты өтті. Жыл сайын робототехникамен айналысатын оқушылар қатарының артқаны қуантады»,– дейді USTEM Robotics қорының жетекшісі Асылбек Мурзахметов.

АҚШ-тың Хьюстон қаласында өтетін FIRST дүниежүзілік чемпионатында ел намысын 50-ге жуық оқушы қорғайды. Бұлар жеңімпаз атанған 4 команданың мүшелері. Сондай-ақ тағы 9 команда Австралия, Марокко, АҚШ, Индияда өтетін халықаралық ашық чемпионаттарға жолдама алды.


Commentaires


bottom of page