top of page
Search

Amanzholov University-де сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілердің фронт-офисі ашылды

С. Аманжолов атындағы ШҚУ-да ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының бірінші орынбасары Дмитрий Малаховқа Қазақстандағы алғашқы сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілердің фронт-офисі таныстырылды, «Современное образование» журналы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Кеңсе оқу орынында адалдық пен әділдік символы. Кабинет ашық, барлығына қызмет көрсетуге дайын, ал қауіпсіздік үшін бақылау камераларымен бақыланады. Кестеге сәйкес адвокаттар, медиаторлар, жоғары курста оқитын құқықтанушы студенттер университет білім алушылары мен олардың ата-аналарын қиындық тудырған мәселелері бойынша қабылдайды. Фронт-офис жұмысына көмектесу үшін білім алушылар арасынан 15 бастамашыл ерікті таңдалып алынған.










© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page