top of page
Search

«Bulletin of the Karaganda university. Mathematics series» журналы өзінің алғашқы Q3 алды

«Bulletin of the Karaganda university. Mathematics series» журналы өзінің алғашқы Q3 - цифрлық метрикаларын алды. ҚР Ғылым және жоғары білім министрілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, «Современное образование» журналы хабарлайды.


«Bulletin of the Karaganda University. Mathematics Series» журналы Scopus дерекқоры бойынша өзінің алғашқы CiteScore 2022 = 1.0 цифрлық метрикаларын алды және бір дегеннен Mathematics/General Mathematics санатындағы 35-ші процентильге кірді. Бұл – ғылыми басылым ұжымының үйлесімді жұмысының тамаша нәтижесі.


«Қарағанды университетінің Хабаршысы» журналы 1996 жылы құрастырылып, екі серия бойынша шығарылды («Гуманитарлық ғылымдар сериясы» және «Жаратылыстану ғылымдары сериясы»). Кейінірек журнал қайта құрастырылып, 9 жаңа тақырыптық серияға бөлінді, олардың арасында «Математика сериясы» болды.


Басылым ISSN Халықаралық сериялық басылымдарды тіркеу орталығында (ЮНЕСКО, Париж қ., Франция) ISSN 2518-7929 (Print) тіркелген. ISSN 2663–5011 (Online).

Журнал қазақстандық дәйексөз базасымен (ҚазДБ) индекстеледі және ғылыми қызметтің негізгі нәтижелерін жариялау үшін ҚР ҒЖБМ Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынатын басылымдар тізбесіне кіреді (ҒЖБССҚК).


2019 жылдан бастап журнал ағылшын тілінде жарық көріп келеді. 2015 жылы «Қарағанды университетінің Хабаршысы. Математика сериясы» журналы «BULLETIN OF THE KARAGANDA UNIVERSITY-MATHEMATICS» деген атаумен Clarivate Analytics компаниясының Web of Science Core Collection базасына кірді. 2022 жылдың шілдесінде журнал 2021 жылдағы Journal Citation Indicator (JCI) 0.41 ғылыми метрикалық көрсеткішін алды және Q4 санатындағы квартильге енгізілді.


2020 жылы журнал РҒДИ базасына кіріп, нөлдік емес импакт-фактор алды. 2023 жылдың 13 ақпанында «Bulletin of the Karaganda University. Mathematics Series» журналы DOAJ (Directory of Open Access Journals) ашық қолжетімділіктегі жоғары сапалы рецензияланатын журналдардың ірі онлайн-каталогына енгізілді. 2023 жылы журнал Scopus дерекқор базасына кірді.


Қарағанды Бөкетов университетінің Басқарма төрағасы – Ректорының айтуынша, университеттің кем дегенде тағы 4 ғылыми мерзімді басылымын осындай деңгейге жеткізу жоғары оқу орнының негізгі перспективалық міндеттерінің бірі болып табылады.



Comentarios


bottom of page