top of page
Search

Saginov technical university және Obuda university (Венгрия) ынтымақтастық туралы меморандум жасасты

Saginov technical university және Obuda university (Венгрия) ынтымақтастық туралы меморандум жасасты. ҚР Ғылым және жоғары білім министрілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, «Современное образование» журналы хабарлайды.


Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің 70 жылдық мерейтойына арналған салтанатты іс-шаралар өтті.

Іс-шара шеңберінде Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды Техникалық Университеті инженерия, IT-медицина, жасанды интеллект, робототехника, киберқауіпсіздік, жасыл энергетика, биотехнология, индустрия 4.0, қоршаған ортаны қорғау, сәулет және құрылыс, материалтану, экономика және менеджмент саласындағы инновациялық, білім беру,ғылыми өзара іс-қимылды нығайту мақсатында Шығыс Еуропаның Obuda University (Венгрия) жоғарғы техникалық университетімен ынтымақтастық туралы меморандум жасасты.


Меморандумға екі университеттің ректорлары қол қойды: Басқарма Төрағасы – Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің Ректоры - Марат Ибатов, Obuda University Ректоры - Левенте Ковач (Levente Kovács).


Серіктес ЖОО магистратура мен докторантураның білім беру бағдарламаларын әзірлеуде ынтымақтасады, Еуроодақ қаржыландыратын бірлескен ғылыми жобаларға қатысады, бірлескен жариялау қызметін жүзеге асырады. Ынтымақтастық туралы Меморандум сонымен қатар оқытушылардың, жас ғалымдардың, магистратура мен докторантураның білім алушыларының академиялық ұтқырлық бағдарламасын көздейді.


Бүгінгі таңда Saginov Technical University QS World University Ranking рейтингіне сәйкес әлем университеттері арасында «ТОП-651+» позициясын иелене отырып, Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде жетекші техникалық ЖОО болып табылады. Өз кезегінде, Обуда университеті (ÓE) – Венгриядағы №1 Техникалық университет. 2022 жылдың қазан айында жарияланған Times Higher Education (THE) мәліметтері бойынша, Обуда университеті әлемдегі жас университеттер рейтингіндегі ең жақсы Венгр жоғары оқу орны деп аталды.


© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page