top of page
Search

"СО" форумында талапкерлердің әртүрлі сұрақтары қаралды

25 қаңтарда 2023 жылы жоғары оқу орындарына түсушілерге арналған «Заманауи білім беру» онлайн-форумы өтті.


Бұл жолы талапкерлердің жоғары оқу орындарына түсуге және гранттық қолдау алуға қатысты сұрақтарына Ұлттық тестілеу орталығы директорының орынбасары Айгүл Жұмабекова, «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының өтінімдері мен өтініштерін қарау бөлімінің бастығы Ардақ Качкарова және Қазақстанның бірқатар жетекші жоғары оқу орындарының қабылдау комиссияларының сарапшылары жауап берді.


Форумға қатысушылар үшін дайындалған өз сөзінде Ардақ Качкарова ата-аналары қаңтар айындағы қайғылы оқиғалар кезінде зардап шеккен халықтың әлеуметтік осал топтарына грант алу мүмкіндігі туралы айтты.


Айгүл Жұмабекова биыл ҰБТ-да қандай өзгерістердің болғандығы туралы айтып берді.


Экранның сыртында негізінен Жамбыл, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласынан, сондай-ақ басқа өңірлерден келген мектептер мен колледждердің түлектері болды. Жоғары оқу орындары да әртүрлі аймақтардан болды: Мұхтар Әуезов атындағы ОҚУ, Turan-Astana University, Turan University (Алматы), Марат Оспанов атындағы БҚМУ, С. Аманжолов атындағы ШҚУ және С. Сейфуллин атындағы ҚазАТУ. Жоғары оқу орындары: медициналық, техникалық, педагогикалық, экономикалық, ауыл шаруашылығымен, туризммен байланысты оқытудың әртүрлі бағыттарын және басқаларын ұсынды.


Бірінші бөлім барысында эфирде талапкерлер мен олардың ата-аналары редакцияға жолдаған көптеген сұрақтар талданды. Кейін бірнеше жоғары оқу орындарының онлайн Ашық есік күндері өтті, онда олар мүдделі оқуға түсушілер үшін неғұрлым егжей-тегжейлі ақпаратпен бөлісті.


Ардақ Качкарова «Қазақстан халқына» қоры бөлетін гранттарға қатысты сұрақтарға жауап беріп, оқуға түсушілерге қандай талаптар қойылатынын айтты.


«Өткен оқу жылынан бастап «Қазақстан халқына» қоры білім беру гранттарын беру бағдарламасын жүзеге асыра бастады. Бағдарламаның негізгі мақсаты – ауыл мектептерінен және халықтың әлеуметтік осал топтарынан студенттер мен талапкерлерді қолдау, халықтың осы бөлігі үшін жоғары білімнің қолжетімділігін арттыру.
Биылғы оқу жылында бағдарлама аясында 2 267 студент «Қазақстан халқына» қорының гранттарының иегерлері атанды, олар республиканың 85 жоғары оқу орнында оқиды. Сондай-ақ, қайырымдылық бағдарламасы аясында барлық грант алушылар үшін ай сайынғы стипендия қарастырылған.
Гранттар білім беру бағдарламалары бойынша бөлінбейді, бірақ студенттер мен талапкерлерге жеке тағайындалады.
Бағдарламаға қатысуға өтініштерді қабылдау университеттер базасында жүзеге асырылады. Қатысу шарттарымен qazaqstanhalqyna.kz сайтында танысуға болады», - деді Ардақ Качкарова.

Сарапшылардың «Қайсысы жақсы: грантқа түсу ме әлде ақылы оқу ма?» деген сұрақтарға берген жауаптары айқын болып көрінгенімен, олар өз кеңестерін берді. Мысалы, Turan-Astana университетінің қызметкері Сәуле Шинтаева университет мемлекеттік грантқа түсу кезінде студент 4 жыл тегін оқуға және шәкіртақы алуға мүмкіндік алатынын, алайда оқуды аяқтағаннан кейін бұл грантты 3 жыл бойы еңбекпен өтеу қажет екенін түсіндірді. Бұл жоспарлар өзгерген жағдайда немесе, мысалы, шет елдегі компаниядан жақсы ұсыныс алған жағдайда қолайсыздық тудырады. Ақылы негізде оқитындарға мұндай талап қойылмайды. Сонымен қатар, талапкер, егер өзі таңдаған білім беру бағдарламасына үлкен конкурс болса, онда грантқа түсу мүмкіндігінің өте аз және ақылы оқу нұсқасын алдын ала қарастырған дұрыс екенін түсінуі керек. Сондықтан талапкер барлығын егжей-тегжей ескеруі керек.


Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің сарапшысы Жазықбаева Жазира Қарағандыдан келген талапкердің «Фермерлік мамандыққа түсуім үшін қанша балл жинауым керек?» деген сұрағына ҚазАТУ-да «Фермерлік шаруашылықты басқару», «Мал шаруашылығы», сондай-ақ «Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық шаруашылығы», «Аквамәдениет және су биоресурстары» сияқты фермерлікпен байланысты бірнеше білім беру бағдарламасының бар екенін, сондай-ақ, болашақ фермерге ветеринарлық қауіпсіздік бағдарламалары қолайлы екенін түсіндірді, өйткені бұл фермерлік шаруашылық үшін өте маңызды мәселе. Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру үшін агрономиялық факультет бар. Әрбір пән бойынша талапкердің кемінде 5 балы болған жағдайда, осы мамандықтарға өту балы – кемінде 50.


Нақты жағдайлар мен жоғары оқу орындары бойынша да сұрақтар қойылды. Түркістан облысынан келген Насиба деген түлек егер М. Әуезов атындағы ОҚУ-ға грантқа түссе, басқа университетке ауыса алам ба және бұл ретте мемлекеттік грант сақталады ма деп сұрады. Аталған ЖОО-ның сарапшысы Әділет Маханбетов былай деп түсіндірді

«Бұлай ауысуға болады. Жоғары оқу орнынан ауысу осы үшін арнайы көзделген кезеңде 9-25 қаңтар аралығында жүргізіледі. Бұл жағдайда грант студент үшін де сақталуы мүмкін».

Бұл осы оқу жылындағы төртінші онлайн форум болды. Әр жолы талапкерлерді ЖОО-ға түсер алдында толғандыратын көптеген сұрақтарға жауаптар беріледі. Бұл жолы оған төрт мыңға жуық болашақ талапкер қатысты, форумдардың жазбасы «Современное образование» журналының YouTube-тегі арнасында орналастырылған.


Талапкерлердің онлайн-ақпараттық алаңын 2019 жылы пандемия басталған кезде «Современное образование» журналының редакциясы ұйымдастырды және бүгін де жұмысын жалғастырып, жоғары оқу орындары мен колледждерге түсуге дайындалып жатқан Қазақстанның жастары мен ата-аналарына барлық сұрақтарына жауап алуға көмектесуде.


Ең қызықты сұрақтарға берілген ондаған жауап «Современное образование» журналының Тиктоктағы аккаунтында орналастырылған.


Келесі форум 22 ақпанда өтеді, форумға қатысу үшін www.bilim.expert сайтына тіркеліп, сұрағыңызды жібере аласыз.







bottom of page