Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде Басқарма Төрағасы-ректор Төлеген Мұхтар Әділбекұлының академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында шетелдік жоғары оқу орындарына білім алуға аттанатын студенттермен кездесуі өтті.
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінде еліміздің және шетелдің алдыңғы қатарлы математиктері бас қосты. «Жасанды интеллект және математиканың өзекті мәселелері» атты ғылыми конференция өңір математиктерін гранттық қаржыландырудың қолданыстағы және болашақ жобаларына тартуды, сол арқылы аймақтың ғылыми әлеуетін арттыруды көздеп отыр. Конференцияның ашылуында Бағдарламалық комитет төрағасы, академик Тынысбек Қалменов құттықтау сөз айтып, қатысушыларға сәтт