top of page

Auezov Universety: «Жасанды интеллект және математиканың өзекті мәселелері» ғылыми конференциясы өтті

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінде еліміздің және шетелдің алдыңғы қатарлы математиктері бас қосты. «Жасанды интеллект және математиканың өзекті мәселелері» атты ғылыми конференция өңір математиктерін гранттық қаржыландырудың қолданыстағы және болашақ жобаларына тартуды, сол арқылы аймақтың ғылыми әлеуетін арттыруды көздеп отыр.


ree

Конференцияның ашылуында Бағдарламалық комитет төрағасы, академик Тынысбек Қалменов құттықтау сөз айтып, қатысушыларға сәттілік тіледі.


Университеттің Басқарма төрағасы-ректоры Дархан Ахмед-Заки ғылым мен білімді дамытуда жастардың рөлін ерекше атап өтіп, математика ғылымының беделін көтеруге шақырды.


Жасанды интеллект, математикалық модельдеу, заманауи ғылыми зерттеулердің бағыты мен болашағы кеңінен талқыланған жиынға еліміздің және шет ел университеттерінен келген танымал математиктер қатысып, ғылыми баяндама жасады. Сонымен қатар университеттің математика мамандықтары бойынша білім алушы студенттері де белсенділік танытты.

Comments


© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page