Астанада автономды білім беру ұйымы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» өткізетін халықаралық конференция – XIV NIS Conference 2025 өтуде. Биылғы форумның тақырыбы: «Цифрлық дәуірдегі мектеп білім беруі: негізгі үрдістер мен сын-қатерлер». Форумға АҚШ, Ұлыбритания, Нидерланд, Финляндия, Аустралия, Гонконг елдерінен келген жетекші сарапшылар мен зерттеушілер, сондай-ақ Қазақстанның мемлекеттік құрылымдарының, жоғары оқу орындарының және ғылыми-зерттеу институттарының өкілдері –