Минск, 2025 жылғы 2 қараша — С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің (ҚАТИУ) делегациясы Басқарма төрағасы – ректор Қанат Тіреуовтің басшылығымен Беларусь мемлекеттік ауыл шаруашылығы академиясына (БМАША) ресми сапар жасады. Академия — Октябрь Революциясы мен Еңбек Қызыл Ту ордендерінің иегері, Беларусь Республикасының Горки қаласында орналасқан. ҚАТИУ делегациясының құрамына Ержан Ахметов – Инжиниринг және тамақ технологиялары институтының директор