Соңғы онжылдық әлемдік жоғары білім беру жүйесінің дамуындағы маңызды белес болды. Осы уақыт ішінде жоғары оқу орындары оқытуды ұйымдастыру, білім беру процесін басқару, халықаралық ынтымақтастық және студенттермен өзара іс-қимыл тәсілдерін қайта қарастырды. Жеделдетілген цифрлық трансформация, білім беру моделінің өзгеруі, білім сапасына қойылатын талаптардың өзгеруі, сондай-ақ трансұлттық білім беру рөлінің артуы – бұрын перспективалы деп қарастырылған, алайда қазіргі таңда