Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында Қазақстан мен Франция арасындағы мәдени-гуманитарлық байланысты дамытуға арналған бірқатар іс-шара өтті. Кітапханада көпшілік үшін Франция кітап бұрышы ашылды. Мұнда елдің тарихы мен мәдениеті туралы басылымдар, француз классиктері мен қазіргі авторлардың шығармалары, сондай-ақ қазақ және орыс тілдеріне аударылған әдебиеттер қойылған. Жаңа кітап бұрышы оқырманның француз әдебиеті мен мәдениетін жақынырақ білуге мүмкіндік береді.