top of page
Search

Қазақстан халықаралық кеңістікте: жоғары білім беруді интернационалдандыру қарқын алуда

Новые меморандумы с Италией

Саясат Нурбек

Қазақстандық жоғары мектеп білім беруді интернационалдандыруға бет алды, ал Ғылым және жоғары білім министрлігі халықаралық ынтымақтастықты, қос дипломды және халықаралық бағдарламаларды, жоғары оқу орындарында бірлескен ғылыми жұмысты дамыту бойынша белсенді жұмысты өрістетті. Елде бірінен соң бірі таяу және алыс шетелдердің озық университеттерінің филиалдары ашылып, академиялық ұтқырлық дамуда, жаңа бірлескен ғылыми жобалар пайда болуда. Өз кезегінде қазақстандық жоғары оқу орындары көрші елдерде өз филиалдарын аша бастады, шетелдік студенттер саны артып келеді.

Министрлік құрумен айналысып жатқан Жоғары білім берудің бірыңғай орталық азиялық кеңістігі аймақтың әртүрлі елдерінен келген ғалымдарды, студенттерді жақындастыруға, ғылыми қызметті дамытуға және Қазақстанда оқытуды одан да тартымды етуге арналған.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат НҰРБЕКпен болған әңгімеміз халықаралық ынтымақтастықты дамыту және жоғары білімді интернационалдандыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар мен жоспарлар туралы өрбиді.


– Бүгінгі таңда мемлекет алдында білім беруді интернационалдандыру бағытында қандай міндеттер тұр, қаншалықты тез арада Қазақстан Орталық Азияның нағыз бәсекеге қабілетті білім беру хабына айналады?


 Интернационалдандыру оны іске асыру 2029 жылға дейін жоспарланған Қазақстан Республикасындағы жоғары білім мен ғылымды дамытудың жаңа тұжырымдамасының басым бағыттарының бірі болып табылады. Оның негізгі міндеттерінің бірі – Жоғары білім берудің бірыңғай Орталық Азия кеңістігін құру. Ғалымдардың тағылымдамалар санын, бірлескен ғылыми жобаларды ұлғайту, Университеттер альянсын және Студенттер альянсын құру академиялық және мәдени алмасуды дамытады, тәжірибе мен озық практикалармен алмасуға ықпал етеді. 

Әрине, жалпы білім беру кеңістігінде табысты бәсекеге түсіп, шетелдік студенттердің үлесін арттыру үшін басқа елдердің студенттері мен ғалымдарының алдында да, жұмыс берушілер үшін де тартымды көрінуге тырысып, бұл үшін қолайлы жағдай жасау керек.

Қазақстан отандық жоғары білім беру жүйесін дамыту, білім мен озық халықаралық тәжірибені трансферттеу арқылы білім беру сапасын арттыру мақсатында қазіргі кезеңде елімізде алдыңғы қатарлы шетелдік жоғары оқу орындарының бірнеше филиалдарын ашу міндетін қойып, осы міндетті ойдағыдай орындап келеді.

 

– Қазақстанда шетелдік жоғары оқу орындарының қанша филиалы пайда болды? ЖОО-лар қандай қағидаттар бойынша таңдалды?


– Жалпы, 2021 жылдан бері елімізде шетелдік жоғары оқу орындарының 12 филиалы ашылып, үшеуі бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Жетекші шетелдік жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық, ең алдымен, отандық жоғары оқу орындарында оқыту іс жүзінде жүзеге асырылмайтын ерекше сұранысқа ие және тапшы мамандықтар бойынша мамандар даярлауға бағытталған.

Мысалы, ресейлік МИФИ-дің филиалы қарапайым бөлшектер физикасы және космофизика, сондай-ақ қорғалған жоғары өнімді есептеу жүйелері бойынша мамандар дайындайды, ядролық физика және технология, электроника және киберфизикалық жүйелер мен қондырғылардың автоматикасы бойынша білім беру бағдарламаларын енгізу талқылау сатысында; Хериот-Уотт университетінің филиалы инженерлік және мұнай салалары үшін кадрлар даярлауды жүргізеді; Қазақстан-Неміс консорциумы жасыл сутегі тақырыбын дамытуда; Серікбаев атындағы ШҚТУ-дағы Лу Бань шеберханасы көлік, көлік техникасы және технологиялар бойынша білім беру бағдарламасын іске асыру үшін ашық; Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығын механикаландыру инженерлері институтының филиалы ауыл шаруашылығының су қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі мамандарды даярлаумен айналысатын болады; Д. И. Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университетінің филиалы химия саласында кадрлар даярлау үшін құрылған. Осылайша, әр филиал белгілі бір экономикалық мәселені шешуге бағытталған.

Жалпы алғанда, шетелдік әріптес ЖОО-ларды іріктеу жекелеген салалардағы кадрлық қажеттілік, сондай-ақ өңірлердің сұраныстары мен ұсыныстары негізге алына отырып жүргізіледі, өңірлік қажеттілік картасы қалыптастырылды. Басты назар халықаралық кампустары бар және қазақстандық университеттермен әріптестік қарым-қатынастары бар жоғары оқу орындарына аударылды. Көптеген бағдарламалар мен мамандықтар техникалық профильдегі мамандарды дайындауға бағытталған.

Шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу білім беру сапасын арттыруға, басқарудың академиялық моделін трансформациялауға, ғылыми ынтымақтастықты нығайтуға алып келеді. Сонымен қатар, әлемнің жетекші жоғары оқу орындарында білім алуға қолжетімділікті қамтамасыз ете отырып, біз жас таланттардың шет елге кету қаупін азайтамыз.


Университет Дулати

– Қандай шетелдік жоғары оқу орындары қазақстандық университеттермен серіктес болды, олардың серіктестігі, қаржылық моделі қалай құрылды?


– Қаржыландырудың үш моделі қолданылды:

– мемлекеттік білім беру гранттарын беру есебінен қаржыландыра отырып, отандық ЖОО базасында филиалдар ашу;

– академиялық, ғылыми және қаржылық қызметте консультациялық қызметтер көрсету шартын жасаса отырып, стратегиялық әріптестік моделі арқылы филиалдар ашу, сондай-ақ мемлекеттік білім беру гранттарын беру есебінен қаржыландыра отырып, бірлескен білім беру бағдарламалары мен қос дипломды білім беру бағдарламаларын іске асыру;

– инвесторлар есебінен қаржыландыра, преференциялар пакетін ұсына отырып, отандық жоғары оқу орындарының базасында филиалдар ашу.

– Ресейлік «МИФИ» ұлттық ядролық зерттеу университетінің филиалы 2022 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің базасында құрылды (мамандануы – қарапайым бөлшектер физикасы және космофизика; қорғалған жоғары өнімді есептеу жүйелері); 

Осылайша, франшиза алу арқылы 2021 жылы бизнес-мамандықтар бойынша оқытатын Алматы қаласының De Montfort University филиалы ашылды. Ол жерде 500-ге жуық студент оқиды.

Мемлекеттік тапсырыс есебінен қаржыландыру арқылы үш филиал ашылды:

–  И. М. Губкин атындағы Ресей мемлекеттік университетінің филиалы 2022 жылы С. Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің базасында құрылды (мамандануы – газ-мұнай құбырлары мен газ-мұнай қоймаларын салу және пайдалану, мұнай-газ технологиялары, мұнай мен газдың табиғи резервуарларын геологиялық модельдеу);

– Heriot-Watt University филиалы 2023 жылы Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің базасында құрылды (мамандануы – мұнай инженериясы, электр энергетикасы, компьютерлік инженерия).

Стратегиялық серіктестік моделі бойынша екі филиал ашылды:

– М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті 2022 жылы University of Arizona-мен шарт жасасты;

– Ш. Есенов атындағы Каспий инженерлік-технологиялық университетінің базасында 2022 жылы Берлин техникалық университетімен, Дармштат техникалық университетімен, Берлин Еркін университетімен, Гамбург қолданбалы ғылымдар университетімен консорциум құрылды. Оқыту электротехникалық, технологиялық инжиниринг, мехатроника, су ортасы және технологиялар, деректерді басқару, жасанды интеллект, өнеркәсіп және т.б. бағдарламалар бойынша жүргізіледі. 60 студент оқуға түсті.


ВКТУ Мастерская Лу-Бань

Шетелдік серіктес жоғары оқу орындарының қаражаты есебінен 2023 жылдың қазан айында келесілер ашылды:

– Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің базасында Сеул ұлттық ғылым және технология университетінің (Оңтүстік Корея) Жасанды интеллект және информатика жоғары мектебі;

– Өскемен қаласында Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ базасында Лу Бань (ҚХР) шеберханасы;

– Семей қаласындағы Шәкәрім университетінің базасында Польша экономика университетінің филиалы;

– І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің базасында Марке политехникалық университетінің (Италия) филиалы ашылды.

Ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау үшін филиалдар құру көзделіп отыр:

– инженерлік салада магистрлерді даярлау үшін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті базасында Солтүстік-батыс политехникалық университетінің (ҚХР) филиалын;

– жасанды интеллект саласында PhD докторларын даярлау үшін Қ. Сәтбаева атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің базасында Гонконг университетінің филиалын.

Филиалдар құру жұмыстары жалғасуда:

– химия және химиялық технологиялар саласында кадрлар даярлау үшін М. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің базасында Д.И. Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университетінің филиалын;

– педагог кадрларды даярлау үшін Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің базасында Гази университетінің (Түркия) филиалын;

– Алматыдағы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің базасында Ташкент ирригация және механикаландыру инженерлері институтының филиалын.

2029 жылға қарай филиалдар ел экономикасына қажетті 2000-нан астам жоғары білікті маманды даярлайды деп күтілуде.

Казахстан и Узбекистан

–  Шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарында кімдер және қандай бағдарламалар бойынша оқиды, талапкерлерге қандай да бір артықшылықтар беріле ме? 


– Филиалдарда тұрғылықты жеріне қарамастан Қазақстан Республикасының барлық азаматтары оқуға құқылы, бұл барлық қазақстандық жоғары оқу орындарында да қолданылады.

Азаматтық кодекске сәйкес, филиал – бас ЖОО-ның құрылымдық бөлімшесі. Филиалда білім беру процесі қос дипломды бағдарламалар шеңберінде де, сол сияқты өз бағдарламалары шеңберінде де жүзеге асырылуы мүмкін. Мысалы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес «МИФИ» ҒЗЯИ және Де Монтфорт Қазақстан университеті өздерінің меншікті білім беру бағдарламалары бойынша білім беру процесін жүзеге асырады, ал Аризона университетімен және Хериот-Уотт университетімен стратегиялық әріптестік шеңберінде оқитын студенттер қазақстандық дипломды да, шетелдік әріптес дипломын да алады.


– Ағымдағы оқу жылына филиалдарға қанша грант бөлінді?


– Республикалық бюджеттен Ресей Федерациясының жоғары оқу орындарының филиалдары үшін 200 грант бөлінді (Мәскеу инженерлік-физикалық институты үшін 100 грант және И. Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университеті үшін 100 грант). МИФИ-де қазір 94 студент оқиды, ал И. Губкин атындағы РМУ филиалында 61 студент білім алады.

Аризона университеті (1200 грант, 10 мамандық бойынша 589 студент оқиды, соның ішінде педагогикалық, биотехнологиялық және IT бағыттары) мен Хериот-Уотт университетінің (300 грант, 286 студент оқиды) қос дипломды бағдарламалары бойынша 1500 грант бөлінді.

Ақылы оқу Де Монтфорт Қазақстан Университетінде жүзеге асырылады, оның құны 12 500 АҚШ долларын құрайды.


–  Бізде шетелден келіп білім алып жатқан студенттер көп пе? Бұл тізімде қандай жоғары оқу орындары көш бастап тұр?


– 2023 жылы Қазақстанның жоғары оқу орындарында оқитын шетелдік азаматтардың саны 39 323 адамды құрады, оның ішінде 22 237 студент өз қаражатының есебінен оқиды.

Еліміздің жоғары оқу орындары негізінен шетелдік студенттерді коммерциялық негізде қабылдайды. Шетелдік студенттерді негізінен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ (2674 адам), С. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ (2365 адам) сияқты ұлттық жоғары оқу орындары, сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясы (1632 адам), Қарағанды медициналық университеті (1559 адам), Семей медициналық университеті (1155 адам) сияқты мемлекеттік медициналық жоғары оқу орындары тартады.

 

– Қазақстанда өз қаражатына емес, гранттар бойынша білім алып жатқан шетелдік студенттердің саны қанша? Оларға гранттарды кім және қандай шарттармен береді? 


– Қазақстанның жоғары оқу орындарында қазір 4603 шетелдік студент грант бойынша білім алуда. Олар ЖОО ішіндегі гранттар бойынша, БҰҰДБ бағдарламасы есебінен, үкіметаралық келісімдер шеңберінде, DAFI қорының стипендиясы, ТТЕ гранты және ҚР ҒЖБМ стипендиялық бағдарламасы бойынша оқиды.

Шетел азаматтары, оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын қазақ ұлтының тұлғалары үшін стипендиялық бағдарламаға іріктеу жыл сайын жүргізіледі.

Стипендиялық бағдарлама Қазақстан Республикасында жоғары білім мен ғылымды дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының бағыттарының бірі, оған сәйкес жоғары білім беру жүйесіндегі шетелдік студенттердің үлесі нысаналы индикаторлардың бірі болып табылады. Сонымен қатар, бұл өлшемшарт университеттердің әлемдік академиялық рейтингтерін бағалауға, сондай-ақ еуропалық жоғары білім беру аймағына кіретін елдердегі ұтқырлықты арттыру стратегиясына негіз болып қаланды.

Шетелдік азаматтарды стипендиялық бағдарлама бойынша қабылдау 2019 жылдан басталды. Небәрі бес жылдың ішінде 1059 шетелдік студент тегін оқуға мүмкіндік алды. Биыл стипендиялық бағдарламаға 550 грант бөлінді, оның 490-ы – бакалавриат, 50-і – магистратура және 10-ы – докторантура бағдарламаларына берілді.

2023 жылы әлемнің 80 елінен келген үміткерлерден 6024 өтініш, оның ішінде бакалавриатқа – 4769, магистратураға – 1013, докторантураға – 242 өтініш келіп түсті. Конкурстық комиссияның шешімімен 638 үміткер іріктелді (оның ішінде резервте – 88 адам): бакалавриат – 544 (резервте – 54 адам), магистратура – 68 (резервте – 18 адам), PhD – 26 (резервте – 16 адам). Елдер бойынша стипендиялық бағдарламаға берген өтінімдер саны жағынан Ауғанстан (2156 адам), Өзбекстан (692 адам) және Нигерия (439 адам) көш бастап тұр.

2023-2024 оқу жылына арналған халықаралық шарттар шеңберінде 261 шетелдік, оның ішінде академиялық оқуға – 212 адам (Шанхай ынтымақтастық ұйымы және ТМД Желілік университеті шеңберінде – 52, Тәжікстаннан – 49, Қырғызстаннан – 30, Ауғанстаннан – 28, Моңғолиядан – 21, ҚХР – 18, Әзірбайжаннан – 5, Украинадан – 4, Оңтүстік Кореядан – 2, Беларусьтан – 2, Вьетнамнан – 1), дайындық бөліміне – 49 адам қабылданды.


Открытие филиала

– Жақын көршілерімізбен және шалғай елдермен салыстырғанда шетелдік студенттер үшін біздің елдегі білім қаншалықты тартымды? 


– Қазақстанның жоғары білімі бірқатар факторларға байланысты шетелдік студенттер үшін тартымды:

– Қазақстан жоғары білім беру сапасын арттыру бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Еліміздің университеттері оқытудың әлемдік стандарттарына сай болуға ұмтылады, білікті оқытушыларды тартады және заманауи оқыту бағдарламаларын әзірлейді;

– жоғары оқу орындары халықаралық ынтымақтастықты қарқынды дамытуда, бұл студенттерге академиялық ұтқырлық, алмасу және тағылымдама бағдарламаларына қатысуға мүмкіндік береді;

– Қазақстанда көптеген оқу бағдарламалары қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ұсынылады, бұл жоғары білімді бүкіл әлемнің студенттері үшін қолжетімді етеді;

– Қазақстанның экономикалық дамуы студенттерге оқу бітіргеннен кейін тағылымдамадан өтуге және жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді;

– Еуропа мен АҚШ-тың жоғары оқу орындарымен салыстырғанда Қазақстанда оқу және тұру құны әлдеқайда төмен.

Бірқатар қазақстандық жоғары оқу орнының шетелде де өкілдіктері бар

2023 жылға 17 қазақстандық ЖОО-ның әлемнің 12 елінде 34 өкілдігі, филиалы, кеңсесі немесе орталығы ашылған.

Өкілдіктерінің саны бойынша АҚШ, Ауғанстан, Нигерия және Германияда жеті орталығы бар Қазақстан-Америка еркін университеті және Түркия, ҚХР, Вьетнам, РФ және Польшада алты орталығы бар Абай атындағы ҚазҰПУ көш бастап тұр. Біздің жоғары оқу орындарының ең көп өкілдіктері Ресейде – 8 және АҚШ-та-6, сонымен қатар өкілдіктер Польшада, Өзбекстанда, Қырғызстанда, ҚХР-да және басқа елдерде бар.


– Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша елімізге көп шетелдік студенттер келді ме?


– Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Қазақстанға 2017-2023 жылдары 6936 адам, оның ішінде ТМД елдерінің жоғары оқу орындарынан – 4467 студент келді, бұл ретте олардың саны 2017 жылмен салыстырғанда 2023 жылы екі еседен астам өсті. Жыл сайынғы көшбасшы – Ресей Федерациясы (2023 жылы – 264 адам), Қырғызстан (215 адам) және Өзбекстан (167 адам) студенттерінің саны артып келеді, сондай-ақ Тәжікстан мен Беларусьтан келген студенттер де білім алып жатыр.

Біздің ЖОО-лар осы жылдар ішінде Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінен келген 1251 студентті қабылдады, өз студенттерін жіберу жағынан Қытай көшбасшы болды. Жапония мен Оңтүстік Корея студенттерінің де қызығушылығы байқалады.

Еуропа елдеріне келетін болсақ, академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша ол жақтардан келетін студенттердің үлесі төмен болғанына қарамастан, олардың саны жыл сайын артып келеді. Германия мен Францияның жоғары оқу орындарынан келетін студенттердің саны айтарлықтай өсті. Сондай-ақ, британдық студенттердің қазақстандық жоғары оқу орындарында оқуға деген қызығушылығын атап өтуге болады. 2017 жылдан бастап Қазақстанның жоғары оқу орындары ұтқырлық бойынша еуропалық жоғары оқу орындарынан барлығы 751 студентті қабылдады.


НИЯУ МИФИ в Казахстане

– Қазақстанның өз студенттерін шетелге оқуға жіберуге байланысты қандай мүмкіндіктері бар? «Болашақ» бағдарламасы бүгінде қалай жүріп жатыр?


– «Болашақ» бағдарламасы қазақстандық студенттер арасында шетелде оқу үшін ең танымал болып қала береді. Ол қазақстандықтарға шетелдік жетекші университеттерде білім алуға бірегей мүмкіндік береді. Бұл бағдарлама бойынша біздің азаматтар академиялық білім алып қана қоймай (магистратура, докторантура, резидентура), сондай-ақ шетелдік компаниялар мен университеттерде ғылыми-өндірістік тағылымдамадан өте алады.

«Болашақ» стипендиясы жұмыс істеген 30 жылдың ішінде 12 000-нан астам маман даярланды, оның жартысынан көбі, яғни 7 мыңға жуығы магистратура бағдарламасы бойынша білім алды.

Бұл ретте түлектердің 80%-ы алған мамандығы бойынша жұмыс істейді. Бүгінде түлектердің 42%-ы жеке секторда, 32%-ы мемлекеттік органдар мен мекемелерде, 17%-ы квазимемлекеттік секторда, 7%-ы халықаралық ұйымдар мен шетелдік компанияларда жұмыс істейді. Болашақтықтар еліміздің озық басқарушылық тірегін қалыптастыра отырып, жауапты мемлекеттік лауазымдарды атқаруда.

Сонымен қатар, статистикалық деректерге сәйкес, «Болашақ» бағдарламасын іске асырудың барлық кезеңінде Америка Құрама Штаттары, Ұлыбритания, сондай-ақ Еуропалық Одақ елдері академиялық оқыту үшін ең танымал елдер болды.

 

– Ал үкіметаралық келісімдер бойынша қанша студент кетіп жатыр, қай елдер біздің азаматтарды оқытуға барынша қызығушылық танытуда?


– ҚР ҒЖБМ құрылымына кіретін «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ – «Болашақ» стипендиясы сияқты үкіметаралық гранттардың әкімшісі.

Жыл сайын шет мемлекеттермен жасалған халықаралық келісімдер шеңберінде Қазақстан азаматтарына бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша оқу үшін білім гранттары беріледі. Келісімге байланысты үкіметаралық гранттар оқу, тұру шығындарын өтей алады, сонымен қатар кейбір елдер бір жыл бойы тегін тіл курстарынан өту мүмкіндігін ұсынады

Үкіметаралық гранттарды Венгрия, Қытай, Қырғызстан, Тәжікстан, Польша, Әзірбайжан, Беларусь сияқты елдер береді.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен Венгрия Республикасының Адам ресурстары министрлігі арасындағы Білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде жыл сайын Stipendium Hungaricum бағдарламасы бойынша 250 грант бөлінеді (бакалавриат – 110 орын, бакалавриат плюс магистратура – 30 орын, магистратура – 90 орын, докторантура – 20 орын).

Қытай үкіметі Қазақстан азаматтары үшін бакалавриат, магистратура, докторантура бағдарламалары бойынша жылына 155-ке дейін білім грантын бөледі. Польша Республикасының Үкіметі жыл сайын 11 грант: бакалавриат бағдарламасы бойынша – 3, магистратура және докторантура бағдарламасы бойынша – 4 грант бөледі. Әзірбайжан Республикасының Үкіметі 10 білім беру грантын, баклавриат пен магистратураға – 5 грант бөледі. Беларусь Республикасының Үкіметі 6 грант: бакалавриат бағдарламасы бойынша – 3, магистратура – 2, докторантура – 1 грант бөледі. Қырғыз Республикасының Үкіметі 10 грант: техникалық мамандықтар бойынша – 4 грант (бакалавриат – 2, магистратура – 2); медициналық – 3 грант (мамандық/ординатура); гуманитарлық – 3 грант (бакалавриат – 2, магистратура – 1). Тәжікстан Республикасының Үкіметі бакалавриат бағдарламасы бойынша 100 грант бөледі.


Университет Сатпаева

– Шетелде ЖОО-да оқу үшін грантқа үміткер азаматтарымызға қандай талаптар қойылады, олар гранттық бағдарламаның түріне байланысты айтарлықтай ерекшеленеді ме? Бұл бағдарлама бойынша еңбекпен өтеу механизмі қалай жұмыс істейді?


–  Конкурсты ұйымдастыру рәсімі, сондай-ақ азаматтарды үкіметаралық гранттар шеңберінде шетелге оқуға жіберу тәртібі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 19 қарашадағы № 613 бұйрығымен бекітілген Шетелге, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқытуға жіберу қағидаларымен реттеледі.

Үміткерлерді іріктеудің негізгі өлшемшарттары:

– балдық жүйе бойынша шет тілін білу деңгейі. Ағылшын тілін білетіндігін растайтын құжатты (IELTS – 5.5-тен кем емес, TOEFL – 46) немесе алдыңғы деңгейде ағылшын тілінде оқыған жағдайда салыстыру үшін түпнұсқасы берілген диплом/транскрипт ұсыну қажет;

– балдық жүйе бойынша білім туралы құжаттың орташа балы. Бакалавриат бағдарламасы бойынша оқу үшін аттестаттың немесе негізгі орта білім туралы куәліктің және ағымдағы оқу жылындағы ағымдағы үлгерім туралы табельдің / транскриптің немесе арнаулы орта білім туралы дипломның 5.0-ден 4.0-ден кем емес орташа балы; магистратура, резидентура және докторантура бағдарламалары бойынша оқу үшін – бакалавр / маман / магистр дипломының немесе ағымдағы білім туралы транскриптің орташа балы 4.0/4.33-тен 3.0-ден кем емес;

– Тәуелсіз сараптама комиссиясының бағасы.

Бірдей балл алған үміткерлерді іріктеу кезінде (мынадай ретпен): жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың; медициналық қорытындыға сәйкес тиісті шетелдік білім беру ұйымдарында оқуға қарсы көрсетілімдері жоқ, № 072/у нысан бойынша медициналық анықтаманы (шетелге шығушы үшін) ұсынған бала кезінен мүгедектер мен мүгедек балалардың; көп балалы отбасылардан шыққан балалардың; соңғы 2 (екі) жылда ауылдық елді мекендерде тұратын ауылдық елді мекеннен келген үміткерлердің; шетелдік жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарынан шақыруы бар үміткерлердің, сондай-ақ сол жерде білім алушылардың артықшылығы болады.

Шетелде оқуын аяқтағаннан кейін үкіметаралық гранттар бойынша оқыған түлектерге Қазақстан Республикасының аумағында кемінде 1 жыл жұмыс істеу қажет.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 573 қаулысымен бекітілген «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларына сәйкес, магистр дәрежесін алуға «Болашақ» стипендиясын тағайындауға үміткерлер үшін конкурсқа қатысу шарттары: ауылдық елді мекендерден келген үміткерлерді, инженерлік-техникалық, медицина қызметкерлерін қоспағанда, тізімге енгізілген жетекші шетелдік жоғары оқу орнына академиялық оқуға (қаржылық жағдайларды қоспағанда) сөзсіз қабылдау; белгіленген ең төменгі талаптарға сәйкес келетін мемлекеттік тілді білу; белгіленген ең төменгі талаптарға сәйкес келетін шет тілін білу; ауылдық елді мекеннен келген үміткерлер, инженерлік-техникалық, медицина қызметкерлері үшін «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін бағалардың баламалылық кестесіне сәйкес бакалавр немесе маман дипломының орташа балының 3.0 (4.0/4.33-тен) кем емес GPA балына немесе оның баламасына сәйкестігі; ауылдық елді мекеннен келген үміткерлердің, инженерлік-техникалық, медицина қызметкерлерінің «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқуы үшін олардың мамандықтарының сабақтас мамандықтар тізбесіне сәйкестігі.

Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алуға, «Болашақ» бағдарламасы бойынша резидентурада оқуға қойылатын талаптар: тізімге енгізілген жетекші шетелдік жоғары оқу орнына академиялық оқуға сөзсіз қабылдау және доктор дәрежесін алу үшін жетекші шетелдік жоғары оқу орнымен келісілген жеке оқу жоспары, белгіленген ең төменгі талаптарға сәйкес мемлекеттік тілді білу.

Тағылымдамадан өтуге үміткерлер Республикалық комиссия айқындайтын Қазақстан Республикасы ұйымдары қызметкерлерінің санатына жататын, жалпы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл, оның ішінде таңдаған мамандығы бойынша соңғы 12 айда үздіксіз жұмыс өтілі болуға тиіс. Сондай-ақ олардың тағылымдамаға қабылдаушы шетелдік ұйымның шартсыз шақыруы, сондай-ақ тағылымдамадан өтуге жіберуші және қабылдаушы ұйымдар бекіткен тағылымдамадан өту бағдарламасы болуы және белгіленген ең төменгі талаптарға сәйкес келетін мемлекеттік және шет тілдерін білуін растауы қажет.

Студент «Болашақ» бағдарламасының әкімшісімен жасасатын шартта оның академиялық оқуын аяқтағаннан немесе шетелде тағылымдамадан өткеннен кейін міндетті түрде Қазақстан Республикасына оралуы

және Қазақстан Республикасының аумағында бола отырып, «Болашақ» стипендиясы шеңберінде алынған мамандық бойынша үздіксіз еңбек қызметін жүзеге асыруы туралы шарт қамтылады (еңбек қызметін жүзеге асыратын адамдарды қоспағанда Қағидаларда көзделген Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде қызмет ету). Оның келесідей мерзімдері мен өлшемшарттары көрсетілген:

– бес жылдан кем емес – астанада немесе республикалық маңызы бар қалада, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде немесе үш жыл – Қазақстан Республикасының өзге өңірлерінде, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан қазақстандық және шетелдік ұйымдардың филиалдарында, өкілдіктерінде, ұйымдарында немесе акциялары (жарғылық капиталға қатысу үлестері) Қазақстан Республикасына немесе ұлттық компанияларға тиесілі елден тысқары жерлерде орналасқан ұйымдарда;

– үш жылдан кем емес – жұмыс берушінің өтініміне сәйкес жіберілген ұйымдарда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы жұмыс берушінің филиалдарында, өкілдіктерінде немесе жұмыс берушінің келісімі болған кезде Қазақстан Республикасының аумағындағы өзге де ұйымдарда;

– үш жылдан кем емес – қалаларда (облыс орталықтарында), облыстық, аудандық маңызы бар қалаларда және облыстың өзге де аудандарында мемлекеттік қызметте, сондай-ақ бастауыш, орта, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру деңгейлеріндегі ұйымдарда, еңбек қызметін қоса атқармай жүзеге асырған жағдайда.


– Шетелдік ғалымдарды шақыру – жоғары оқу орындарының ғылыми-зерттеу қызметін дамытудағы маңызды сәт. Министрлік бұл жұмысты белсенді қолдайды. Осы туралы толығырақ айтып беріңізші. Ғалымдар жоғары оқу орындарына қалай бөлінеді?


– Жыл сайын республикалық бюджет шеңберінде ЖОО-лар бір айдың ішінде оқытушылық қызметті жүзеге асыру үшін 200 шетелдік ғалымды тартуды жүзеге асырады. Бұл ғалымдар өтініш берген барлық жоғары оқу орындарына таратылады.

2023 жылы Түркия, Польша, Болгария, Пәкістан, Малайзия, Германия, Ұлыбритания және басқа елдерден республикалық бюджет есебінен шақырылған ғалымдар 58 жоғары оқу орнына бөлінді. Бұл ретте педагогикалық бағыт бойынша, сондай-ақ жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика; инженерлік, өңдеу және құрылыс; бизнес, басқару және құқық салалары бойынша ең көп шақырылды.


Филиал Херриот-Уотт в Казахстане

– Шетелдік ғалымдарға қандай өлшемшарттар қойылады? Олардың қаламақылары қандай?


– Шетелдік ғалымдарды тарту өлшемшарттары мен тиімділігінің негізгі көрсеткіштері Жоғары білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 19 сәуірдегі № 155 бұйрығымен бекітілген. Оған сәйкес, ЖОО-лар ғылымның перспективалық бағыттарымен айналысатын, халықаралық жоғары рейтингтік журналдарда жарияланымдары және ғылым докторы дәрежесі бар, топ-500 халықаралық академиялық рейтингтерге кіретін ЖОО-лардың қызметкерлері болып табылатын шетелдік ғалымдарды тартуды жүзеге асырады.

Шетелдік ғалымдардың міндеттеріне дәрістер мен семинарлар өткізу, кандидаттық және докторлық диссертацияларға жетекшілік ету, ғылыми жобаларға мақалалар мен ұсыныстар жобасын дайындау кіреді.

Республикалық бюджет шеңберінде бір айға бекітілген қаламақы 4000 АҚШ долларын құрайды, бұл сомаға жол жүру және тұру шығындары да кіреді.


– Жоғары оқу орындары шетелден ғалымдарды өз бетінше қаншалықты белсенді түрде шақырады?


– Қазақстанның жоғары оқу орындары әртүрлі қаржыландыру көздерін пайдалана отырып – өз қаражаты есебінен (718 ғалым), бюджеттен тыс қаражатқа (2023 жылы – 877 ғалым) DAAD, Erasmus+, Fullbright, Орхун және т.б. бағдарламалар бойынша шетелдік мамандарды белсенді түрде тартады, сондай-ақ шетелдік жоғары оқу орындарының, Түркия, Оңтүстік Корея, Италия консулдықтары мен елшіліктерінің есебінен шақырылған ғалымдар да бар. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының 18 ЖОО-сына 67 шетелдік маман тегін жұмыс істеу үшін келді.

Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына бюджеттен тыс қаражат есебінен шетелдік мамандарды тарту жөніндегі деректерді талдау 2023 жылы олардың санының айтарлықтай өскенін көрсетеді. 2022 жылдан бастап тартылған мамандар саны 16%-ға өсті. Шетелдік сарапшылар Қазақстан Республикасының 86 жоғары оқу орнына тартылды, бұл елдегі жоғары оқу орындарының жалпы санының 83,5%-ын құрайды. Бұл шетелдік сарапшылардың оқытушылық қызметтегі маңызды рөлін көрсетеді.

Ресей 2023 жылы шақыртылған мамандар саны 233 адамға жетіп, тартылған шетелдік мамандар саны бойынша көшбасшы болып қала береді. Сонымен қатар, Германия, АҚШ, Польша, Ұлыбритания, Италия және Францияны қоса алғанда, алыс шет елдерден мамандар тартудың оң үрдісі байқалады. Сондай-ақ, Түркиядан 71 ғалым, Өзбекстаннан 65 ғалым тартылғанын атап өтуге болады.

Білім беру бағыттары бойынша «Педагогикалық ғылымдар» ең сұранысқа ие бағыт болып қала береді (153 маман, одан кейінгі орында «Өнер және гуманитарлық ғылымдар» (145 маман) және «Бизнес, басқару және құқық» (138 маман) орналасқан.

PhD дәрежесі бар мамандар санатының өскені байқалады, ал дәрежесі бар мамандар саны 65,5%-ды құрайды.

Жалпы,

2023 жылы Қазақстанның жоғары оқу орындарына шетелдік мамандарды тарту өсім мен әртүрлілікті көрсетті, бұл жоғары оқу орындарының білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға және білім мен тәжірибе алмасу үшін әртүрлі елдерден жоғары білікті мамандарды тартуға ұмтылысын айғақтайды.

Академиялық қоғамдастықтан сыртқы шетелдік сарапшыларды – ғалымдарды тарту жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді дамытудың стратегиялық пайымын әзірлеу, ҚР жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының қызметін дамытуда тәуекелдерді басқару тетіктерін енгізу және жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді дамытудың перспективалық бағыттарын ел деңгейінде ғана емес, сонымен қатар Жоғары білім берудің бірыңғай орталық азиялық кеңістігі деңгейінде синхрондау үшін қажет. Ол корпоративтік басқаруды, ғылыми-зерттеу қызметін дамытуға, білім беру және ғылыми қызметті ұйымдастырудың жаңа тәсілдерін қалыптастыруға ықпал етеді, шетелдік және қазақстандық ғалымдар арасында кең тәжірибе алмасуға, олардың арасында ынтымақтастық құруға, жоғары оқу орындарының білім беру ортасын байытуға алып келеді.

 

В университете Аризоны

– Әлемдік университеттердің деңгейіне жету, рейтингтерде жоғары орынға ие болу үшін біздің ЖОО-ларға қандай шаралар қабылдау керек? Жалпы, біздің жоғары оқу орындарының халықаралық рейтингтерге қатысу қажеттілігін қалай бағалайсыз? Өйткені, әлемдік жоғары рейтингтерге жету өте қиын және үлкен шығындарды талап етеді әрі олар ең алдымен оқу процесіне емес, зерттеу қызметіне бағытталған. Әлде әлемдік рейтингтерсіз интернационалдандыру мен әлемдік танудың тиімді процесі мүмкін емес пе?


– Әлемнің жоғары оқу орындарының рейтингін саралау 2000 жылдардың басында қарқын ала бастады. Жоғары білім беру жүйелері арасында бәсекелестіктің артуына, әсіресе студенттер арасында академиялық ұтқырлықтың артуына байланысты рейтингтер университеттердің қызметін салыстырудың ажырамас құралына айналады.

Бүгінгі таңда үш академиялық рейтинг: Шанхай университеті жариялаған Әлемдік жоғары оқу орындарының академиялық рейтингі, Times Higher Education рейтингтік агенттігі жариялаған жоғары оқу орындарының әлемдік рейтингі және Quacquarelli Symonds жоғары оқу орындарының әлемдік рейтингі ең танымал болып саналады.

Қазақстандық жоғары оқу орындарының мұндай рейтингтерге қатысуы – бұл бірінші кезекте білім беру үдерісін ғана емес, сонымен қатар жоғары оқу орнының барлық қызметін әлемдік стандарттарға сәйкестендіру мүмкіндігі. Сонымен қатар, бұл әлемдік білім беру кеңістігінде өз орнын анықтау және әлемде жоғары беделге ие жоғары оқу орындары арасында тең серіктес ретінде орналасу мүмкіндігі.

Рейтингке қатысудың бүкіл тарихында 2023 жылы рейтингке біздің жоғары оқу орындарының ең көбі – 21 қатысты.

Рейтинг казахстанских университетов

Қазақстандық жоғары оқу орындарының әлемнің үздік жоғары оқу орындарымен қызу бәсекеде екенін бәріміз білеміз. Тиісінше, олардың халықаралық академиялық рейтингтердегі жетістіктері – оқу орны ұжымдарының жүйелі және қажырлы еңбегінің нәтижесі.

Әлемдік рейтингтерде зерттеу қызметіне шын мәнінде үлкен көңіл бөлінеді және әлемдік рейтингтерде одан әрі ілгерілеу үшін қазақстандық жоғары оқу орындары бар күш-жігерін ғалымдардың жұмысына жұмылдырып, олардың жазған еңбектерінің ықпалды ғылыми басылымдарда жарық көруіне бағыттауға тиіс. Осыған байланысты университет ғылымы ғылыми-технологиялық және инжинирингтік парктер құруға, университеттер мен ғылыми ұйымдарды интеграциялауға, эндаумент-қорларды қалыптастыруға баса назар аудара отырып, қосымша даму серпініне ие болады.

Министрлік сонымен қатар қазақстандық жоғары оқу орындарын халықаралық кеңістікте тануды кеңейту бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде.

Өздеріңіз білетіндей, қазір мемлекет желілік университеттер құру мәселесін пысықтауда, қос дипломды және халықаралық бағдарламалар, студенттер мен профессор-оқытушылар құрамының академиялық ұтқырлығын дамыту бойынша жұмыстар жалғасуда. Халықаралық ынтымақтастық географиясын кеңейту, шетелдік студенттер мен шетелдік ғалымдарды тарту бойынша жұмыстар жүргізілетін болады.


Қос дипломды бағдарламалар бойынша білім алушылар саны (2018–2023 жж.)
Қос дипломды бағдарламалар бойынша білім алушылар саны (2018–2023 жж.)

Жоғары оқу орындарының заманауи академиялық және зерттеу экожүйесін қалыптастыру үшін 15 өңірлік және 5 педагогикалық университет базасында академиялық артықшылық орталықтары құрылатын болады. Л. Гумилев атындағы ЕҰУ мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ үшін жаңа кампустар салынады. Сәтбаев университетінің базасында озық зерттеулер жүргізуге бағытталған ғылыми-зерттеу хабы құрылатын болады. С. Өтебаев атындағы АМГУ индустриялық университет болып қайта құрылады, М. Әуезов атындағы ОҚМУ, С. Сейфуллин атындағы ҚазАТУ, Е. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті зерттеу университеті мәртебесіне ие болады. 

Халықаралық әріптестік жобаларды дамыту және салалық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау қазақстандық ғалымдардың халықаралық сараптамалық топтардағы зерттеулерінің танымалдылығын арттыру үшін өте маңызды.

 

Сұрақтарды қойған

Александр ПЕТРУХИН


 

АННОТАЦИЯ

Министерство науки и высшего образования РК проводит активную работу по развитию международного сотрудничества, увеличению количества двудипломных и международных программ, совместной научной работы в вузах. В стране уже открыто 12 филиалов зарубежнх вузов. В свою очередь казахстанские вузы также начали открывать свои илиалы в соседних странах. О проделанной работе и планах по развитию международного сотрудничества и интернационализации высшего образования рассказал журналу министр науки и высшего образования Саясат Нурбек.

bottom of page