top of page
"Современное образование" республикалық журналының редакциясы
Издается с 1999 года
Наши телефоны: +7 727 377 31 43, WhatsApp +7 778 312 37 64, e-mail: info@bilim.expert Индекс издания по каталогу АО "Казпочта" - 75895
Search


KMG Digital Hackathon 2026: атыраулық студенттер мұнай-газ саласына арналған AI шешімдерін ұсынды
Атырау мұнай және газ университетінде республикалық KMG Digital Hackathon-2026 өтті. Екі күн бойы 20 командадан құралған 80-нен астам қатысушы мұнай-газ саласындағы өндірістік міндеттерді шешуге бағытталған инновациялық жобалар әзірледі. Қатысушылар жасанды интеллект, машиналық оқыту және деректерді талдау технологияларын пайдалана отырып, «Геология» және «Адами ресурстарды басқару (HR)» бағыттары бойынша өз идеяларын ұсынды, «Замануи білім беру» журналы Ғылым және жоғары біл


«Заманауи білім беру» журналының жаңа санында: білім берудің барлық деңгейлері, ғалымдар мен халықаралық сарапшылар
Тоқсан сайын шығатын «Заманауи білім беру» журналының екінші саны жарық көрді. Шығарылымның негізгі тақырыбы – жасанды интеллектіні білім берудің барлық деңгейіне кіріктіру. Журнал беттерінен білім беру саласы көшбасшыларының – Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың, ҚР ҒЖБМ вице-министрлері Динара Щеглова мен Гүлзат Көбенованың, алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарының ректорлары мен проректорларының мақалалары мен сұхбаттарын, халықаралық және қазақстандық сарапшылардың ма


ҚАТЗУ алаңында Қазақстан-Қытай аграрлық ғылым әріптестігінің 10 жылдығы аталып өтті
С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде Қытайдың Солтүстік-Батыс ауыл және орман шаруашылығы университетінің (NWAFU) Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары және ғылыми-зерттеу институттарымен аграрлық ғылым мен білім беру саласындағы ынтымақтастығының 10 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті. Маңызды жиынның ашылу рәсіміне Қытай Халық Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Хань Чуньлинь, ҚР Ауыл шаруашыл


Негізгі ҰБТ 187 мыңға жуық рет тапсырылды
2026 жылдың 10 мамырында басталған негізгі ҰБТ 187 мыңға жуық рет тапсырылды. Талапкерлердің 73%-ы тестілеуді қазақ тілінде, 27%-ы орыс тілінде және 323 рет ағылшын тілінде тапсырды, «Замануи білім беру» журналы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. Төртінші аптаның қорытындысы бойынша талапкерлердің 67%-ы шекті балл жинады. Бес пән бойынша орташа балл 64 балды құрады. Ең жоғары нәтиже – 140 балл, оны Павлодар облысының тү


Қазақстандық оқушылар әл-Хорезми халықаралық олимпиадасында үздік нәтиже көрсетті
Өзбекстан Республикасының астанасы Ташкент қаласында математика және информатика пәндерінен әл-Хорезми халықаралық олимпиадасы (KhMIO) өз мәресіне жетті. Білім додасына әлемнің 10 елінен келген дарынды оқушылар қатысып, теориялық және практикалық тапсырмалар бойынша бақ сынады. Халықаралық олимпиаданың басты мақсаты – математика мен информатика салаларындағы талантты жастарды анықтап, олардың ғылыми-зерттеу және зияткерлік әлеуетін дамыту. Қазақстан құрамасында білімін көрсет


Қазақстандағы инженерлік білімнің болашағы: талқылаудан нақты шешімдерге дейін
Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің базасында «Болашақ инженерлік білім: ұлттық модельді дамыту және енгізу» атты республикалық стратегиялық сессия және «Инженерлер даярлаудағы дуалды білім беру: құзыреттерден өндірістік шешімдерге дейін» тақырыбындағы халықаралық DualEdu Forum сараптамалық платформасы өтті. Технологиялық дамудың қарқынды үдеуі, экономиканың цифрлық трансформациясы және жоғары білікті инженер кадрларға деген сұраныстың артуы жағда


Түркістанда Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Білім министрлерінің ІХ отырысы өтті
Бүгін Түркістан қаласында Түркі мемлекеттері ұйымына (ТМҰ) мүше мемлекеттердің Білім министрлерінің ІХ отырысы өтті. Басқосуға салалық ведомстволардың басшылары, ТМҰ Хатшылығының өкілдері, сондай-ақ ұйымға мүше және бақылаушы мемлекеттердің делегациялары қатысты. Отырысты ашқан ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Түркістанның түркі әлемінің рухани әрі мәдени орталығы ретіндегі айрықша маңызын атап өтіп, оның бауырлас мемлекеттер арасындағы ықпалдастық үдерістері


Қазақстан Түркі академиясы Ғылыми кеңесіндегі төрағалықты қабылдады
Түркістан қаласында Түркі академиясы Ғылыми кеңесінің VIII отырысы өтті. Іс-шараға Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің білім және ғылым саласына жетекшілік ететін мемлекеттік органдардың басшылары, халықаралық ұйымдардың өкілдері, жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу мекемелерінің жетекшілері қатысты. Отырысты Түркі академиясының президенті Шаһин Мұстафаев ашып, Академияның түркі әлеміндегі ғылыми және академиялық ынтымақтастықты дамытудағы рөліне тоқталды. Ол Академия


Әрбір бала үшін қауіпсіз ЖИ және цифрлық мүмкіндіктер
Астанада ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы Өкілі мен Премьер-Министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мадиевтің жұмыс кездесуі өтті. Жиынға елдің негізгі министрліктерінің басшылары да қатысты. Қатысушылар өскелең ұрпақтың әл-ауқатын қамтамасыз етуге бағытталған ЖИ және цифрлық трансформация саласындағы бірлескен жұмыстың басымдықтарын талқылады. Бұл серіктестік Мемлекет басшысы тарапынан «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» деп жарияланған биы


Еуразиялық жоғары білім көшбасшылары форумы жұмысы бес жылдан кейін қайта жанданды
Еуразиялық жоғары білім көшбасшылары форумы (Eurasian Higher Education Leaders’ Forum, EHELF) Nazarbayev University-де өтіп, оқу орындары, халықаралық ұйымдар, мемлекеттік құрылымдар, бизнес және сарапшылар қауымдастығының өкілдерін қайтадан бір алаңға жинады. 2011–2019 жылдар аралығында тұрақты түрде ұйымдастырылып келген форум осы кезеңде жоғары білімді дамытуға қатысты өзекті мәселелерді талқылайтын беделді халықаралық алаң ретінде танылып үлгерді. Бес жылдық үзілістен кей


Әуезов университетінде «Белсенді түлек - 2026» кеші өтті
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінде ұйымдастырылған дәстүрлі «Белсенді түлек-2026» кеші студенттік өмірдің ең жарқын сәттерін еске түсіріп, жаңа өмір жолына қадам басқан түлектердің басын қосты. Бұл кеш – жай ғана бітіру кеші емес, 4 жыл бойы университеттің қоғамдық өміріне белсене араласып, түрлі жобалар мен іс-шараларда алдыңғы қатардан көрінген белсенді жастарға көрсетілген құрмет пен алғыс кеші болды. Кеш барысында университеттің Әлеуметтік және


Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлектер заманауи аудиториялар сыйға тартты
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультетінде Түлектер күнін ауқымды мерекелеу аясында «1981 жылғы түлектер» атауын иеленген жаңартылған №301 аудитория мен «1996 жылғы түлектер» атындағы №4 дәріс залының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Жаңартылған №301 аудитория жобасы университет бітіргендеріне 45 жыл толған түлектердің қолдауымен іске асырылды. Олардың қатарында көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері: Қайрат Мәми, Мұсабек Әлімбеков, Зағипа Балиева және Қазақстанның құқық


Оқу-ағарту министрі OpenAI компаниясымен білім беруде жасанды интеллектті дамыту мәселелерін талқылады
Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова OpenAI компаниясының делегациясымен орта білім беру жүйесіне жасанды интеллект технологияларын енгізу мәселелеріне арналған жұмыс кездесуін өткізді, «Замануи білім беру» журналы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. Келіссөздерге Education for Countries халықаралық бағытының жетекшісі Валери Фокке және білім беру жобалары мен жасанды интеллектке негізделген шешімдерді енгізуге жауапты OpenAI сарап


Қазақстандық студент Қытайдағы халықаралық WorldSkills турнирінде топ жарды
Қытай Халық Республикасының Шэньчжэнь қаласында өнеркәсіптік дизайн технологиялары бойынша WorldSkills Industrial Design Technology International (Shenzhen) Invitational Tournament халықаралық турнирі өтті. Халықаралық деңгейдегі беделді додаға Қазақстан, Қырғызстан, Малайзия, Сауд Арабиясы және Қытай елдерінің жас мамандары қатысты. Қазақстан намысын Павлодар қаласындағы Ақпараттық технологиялар колледжінің үшінші курс студенті, «Өнеркәсіптік дизайн» құзыреті бойынша WorldSk


Asian Universities Alliance Presidents Forum 2026
Азия елдерінің академиялық көшбасшылары Астанада өткен Asian Universities Alliance (AUA) Presidents Forum 2026 шарасында бас қосты. Форумға Азия және өзге де өңірлердегі жетекші жоғары оқу орындарының басшылары қатысты. Олардың қатарында Tsinghua University, The Hong Kong University of Science and Technology, Nazarbayev University, United Arab Emirates University, Chulalongkorn University, The University of Tokyo, Vietnam National University және Seoul National University бар


Қазақстандық оқушылар АҚШ-та өткен халықаралық робототехника турнирлерінде ірі жеңістерге қол жеткізді
Қазақстандық оқушылар FIRST Tech Challenge (FTC) бағдарламасы аясында өткен бірден екі беделді халықаралық робототехника турнирінде сәтті өнер көрсетіп, жоғары марапаттарға ие болды және отандық командалардың дайындық деңгейінің жоғары екенін дәлелдеді. Калифорния штатының Лонг-Бич қаласында Western Edge Premier Event 2026 турнирі өтті. Жарысқа әлемнің 11-ден астам елінен келген 88 үздік команда қатысты. Турнир жас инженерлерді, бағдарламашыларды және құрастырушыларды бірікті


Қазақстан мен Еуропалық комиссия ғылыми-инновациялық әріптестікті жаңа деңгейге көтеріп жатыр
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Еуропалық комиссияның Стартаптар, зерттеулер және инновациялар жөніндегі комиссары Екатерина Захариевамен кездесу өткізді. Кездесудің негізгі тақырыбы Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы ғылыми-инновациялық ынтымақтастықты кеңейту мәселесі болды. Атап айтқанда, қазақстандық жоғары оқу орындарының, ғылыми ұйымдардың, зерттеу орталықтарының және инновациялық компаниялардың Horizon Europe бағдарламасын


Қазақстан мен Бельгия ғылым, AI және deep-tech салаларындағы ынтымақтастықты дамытып жатыр
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Бельгияның жетекші зерттеу орталықтары мен университеттеріне барып, deep-tech, жартылай өткізгіш технологиялар, критикалық материалдар, жасанды интеллект, инженерлік білім беру және ғылыми-технологиялық даму бағыттарындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады. Бағдарламаның негізгі тармақтарының бірі Левен қаласындағы Imec зерттеу орталығына бару болды. Бұл орталық микро- және наноэлектроника, жартыл


Еліміздің барлық өңірлерінде Балалардың құқықтарын қорғау басқармалары құрылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен қорғаншылық және қамқоршылық органдарының жұмысын жаңғырту аясында еліміздің 20 өңірінде Балалардың құқықтарын қорғау басқармалары құрылып, өз жұмысын бастады. Қазіргі таңда бұл басқармаларда 135 маман қызмет атқарады. Жаңа құрылымдардың негізгі міндеті - балаларға қатысты мәселелерге жедел ден қою, қиын өмірлік жағдайға тап болған балаларға нақты көмек көрсету және өңірлік қызметтердің жұмысын үйлестіру. Мұндай басқару жү


Ұлттық ғылым академиясында «Жасанды интеллект дәуірі: ІІ Жас зерттеушілер форумы» өтті
2026 жылғы 1 маусымда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының ұйымдастыруымен «Жасанды интеллект дәуірі: ІІ Жас зерттеушілер форумы» өтті. Биылғы форум ерекше тарихи әрі мазмұндық мәнге ие болды. Іс-шара Қазақстан ғылымының қара шаңырағы – Ұлттық ғылым академиясының 80 жылдық мерейтойымен, Академияның құрылған күні – 1 маусыммен және Халықаралық балаларды қорғау күнімен тұспа-тұс келді. Бұл форум — ғылымға, зерттеу м
bottom of page
