Әуезов университетінде «Белсенді түлек - 2026» кеші өтті
- Редакция "СО"

- 3 hours ago
- 1 min read
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінде ұйымдастырылған дәстүрлі «Белсенді түлек-2026» кеші студенттік өмірдің ең жарқын сәттерін еске түсіріп, жаңа өмір жолына қадам басқан түлектердің басын қосты.

Бұл кеш – жай ғана бітіру кеші емес, 4 жыл бойы университеттің қоғамдық өміріне белсене араласып, түрлі жобалар мен іс-шараларда алдыңғы қатардан көрінген белсенді жастарға көрсетілген құрмет пен алғыс кеші болды.
Кеш барысында университеттің Әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры Ғани Бесбаев түлектерге жылы лебізін білдіріп, олардың белсенділігі мен еңбегіне жоғары бағасын берді. Сондай-ақ, жастарға үлкен өмір жолында сәттілік, биік белестер мен жарқын болашақ тіледі.
Жылылыққа, естелікке, әсерлі сәттерге толы бұл кеш әрбір белсенді түлектің жүрегінде ерекше орын алары сөзсіз. Себебі дәл осы жастар университеттің мәдени, қоғамдық және шығармашылық өмірінің қозғаушы күші болды.




Comments