top of page
"Современное образование" республикалық журналының редакциясы
Издается с 1999 года
Наши телефоны: +7 727 377 31 43, WhatsApp +7 778 312 37 64, e-mail: info@bilim.expert Индекс издания по каталогу АО "Казпочта" - 75895
Search


Алматыдағы мектептер мен балабақшалардағы орын тапшылығы қалай шешіліп жатыр?
Алматы әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен қаладағы оқушы орындарының тапшылығын жою және білім беру инфрақұрылымын дамыту жөніндегі кешенді жоспардың іске асырылуына арналған жұмыс кеңесі өтті. 2025–2026 оқу жылының қорытындысы бойынша Алматыдағы 360 мектепте 357 225 оқушы білім алды. Қазіргі таңда қалада 29 735 оқушы орнына қажеттілік бар. Әсіресе, Әуезов, Алатау және Бостандық аудандарында тапшылық көптеп байқалады. Жүктеменің артуына мектеп жасындағы балалар санының к


«Болашақ ойындары 2026»: Қазақстаннан кімдер қатысады?
Астана 29 шілде мен 9 тамыз аралығында әлемдік фиджитал спорттың орталығына айналады. Ел астанасы дәстүрлі спорт пен киберспортты ұштастыратын халықаралық мультиспорттық «Болашақ ойындары – 2026» турнирін қабылдайды. 12 күн бойы әлемнің 50 елінен келген 800-ден астам спортшы мен клуб 8 дисциплина бойынша жалпы жүлде қоры 4,75 миллион АҚШ долларын құрайтын бәйгеде бақ сынайды. Қазақстан атынан өз алаңында өтетін турнирге ұлттық іріктеуден өткен 11 команда қатысады. Олар әлемді


С. Сейфуллин университеті органикалық өнім өндіретін жаңа цехты іске қосты
2026 жылғы 23 шілдеде Ақмола облысы Шортанды ауданының Научный кентіндегі А.И. Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығында С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің органикалық өнім өндіретін жаңа цехының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Жаңа өндірістік нысанның ашылуына Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Таласбек Қанафин, «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КЕАҚ Басқарма төрағасы Бауыржан Асанов, Ақмола обл


Қазақстан QS Best Student Cities рейтингінде Орталық Азиядағы көшбасшылығын растады
Алматы мен Астана халықаралық QS Best Student Cities 2027 рейтингіндегі өз позицияларын жақсартып, Қазақстанның өңірлік жоғары білім беру орталығы ретіндегі тартымдылығының артып келе жатқанын тағы бір мәрте дәлелдеді, «Замануи білім беру» журналы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. Алматы бірден 13 сатыға көтеріліп, әлемде 78-орынға ие болды. Бұл – Қазақстан қалаларының рейтингке қатысу тарихындағы ең жоғары нәтиже және


Қазақстан құрамасы Халықаралық математикалық олимпиадада IMO алты медаль жеңіп алды
2026 жылғы 13-21 шілде аралығында Қытай Халық Республикасының Шанхай қаласында 67-ші Халықаралық математикалық олимпиада (International Mathematical Olympiad, IMO) өтті. Әлемдегі ең беделді әрі ең көне зияткерлік білім жарыстарының біріне 117 мемлекеттен 700-ге жуық дарынды оқушы қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 3 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды. Күміс медаль иегерлері: Тимур Мұрат - Алматы қаласындағы «Haileybury Almaty» халықаралық мектебінің 12


Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің делегациясы «Сириус» федералдық аумағына жұмыс сапарымен барды
Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері «Сириус» федералдық аумағындағы мектептік білім беруді ұйымдастырудың озық тәжірибесімен танысты. Жұмыс сапары барысында дарынды балаларды ерте анықтау және қолдау, педагогтерді даярлау, оқушылардың зерттеу қызметін дамыту және заманауи білім беру технологияларын енгізу мәселелеріне ерекше назар аударылды, «Замануи білім беру» журналы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. . Сапардың негізгі тақырыптары


ҚАТЗУ ғалымдары Jańa Dala / Green Day 2026 халықаралық көрмесіне қатысты
Ақмола облысы Целиноград ауданының Нұресіл ауылында өсімдік және мал шаруашылығы саласындағы Қазақстандағы ең ірі салалық іс-шаралардың бірі – «Қазақстандық Jańa Dala / Green Day ’2026 Дала күні» мамандандырылған халықаралық көрмесі өтті. Jana Dala / Green Day 2026 көрмесі – заманауи ауыл шаруашылығы технологияларын, селекциялық жетістіктерді, жоғары өнімді ауыл шаруашылығы техникасын, сондай-ақ ветеринария және органикалық егіншілік салаларындағы инновациялық әзірлемелерді т


Саясат Нұрбек Elsevier директорлар кеңесінің төрағасы Ёнсук Чимен кездесті
22 шілде күні, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек KAIST-тің құрметті профессоры, Elsevier директорлар кеңесінің төрағасы және RELX Group компаниясының корпоративтік мәселелер жөніндегі директоры Ёнсук Чимен кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар ғылыми инфрақұрылымды нығайту, қазақстандық ғалымдардың халықаралық ғылыми-талдамалық деректер базаларына қолжетімділігін кеңейту, сондай-ақ стратегиялық серіктестікті одан әрі дамыту перспективаларын талқылады. Ми


Білім беру гранттарын тағайындауға құжаттар қабылдау аяқталды
Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін 127 мыңға жуық талапкер өтініш тапсырды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 14 мыңға артық. 2025 жылы конкурсқа қатысу үшін 113 мың өтініш қабылданған болатын. Естеріңізге салсақ, биыл бакалавриатқа түсу үшін 75 мыңнан астам грант бөлініп отыр. Гранттардың басым бөлігі (60%) инженерлік бағыттағы мамандықтарға, 20% – педагогикалық мамандықтарға, 20% – басқа салаларға еңбек нарындағы қажеттілікті ескере отырып берілді. Соңғы


Қазақстанда автокөлік өнеркәсібіне арналған жаңа мамандықтар атласының жаңартылған нұсқалары әзірленді
Қазақстанда жаңа кәсіптер мен құзыреттердің 9 салалық және 20 өңірлік атласы әзірленді. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді. Министр атап өткендей «Машина жасау» және «Көлік және логистика» салалық атластары, сондай-ақ Қарағанды және Қостанай облыстарының өңірлік атластары машина жасау саласын тікелей қамтиды. Нәтижесінде 31 жаңа мамандық қалыптасып, 22 қолданыстағы мамандық трансформацияланады. Соның негізінде жоғары оқу о


Түркістан облысында «Ясауи керуені» жобасы басталды
Түркістан қаласында Қожа Ахмет Ясауидің рухани мұрасын зерделеу мен кеңінен насихаттау мақсатында «Ясауи керуені» ғылыми-ағартушылық семинары өтті. . Жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қожа Ахмет Ясауидің өмірі мен тағылымын елімізде және халықаралық деңгейде кеңінен дәріптеу жөніндегі тапсырмасын іске асыру аясында қолға алынды. Іс-шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, ғалымдар, теологтар, дінтанушылар, мәдениет қайраткерлері, жастар және бұқаралық ақпарат құрал


Қазақстанда креативті индустрияға жататын қызмет түрлерінің тізімі кеңейтілді
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Мәдениет және ақпарат министрлігі креативті индустрияны дамыту және саланы мемлекеттік қолдау тетіктерін жетілдіру жұмыстарын жалғастырып келеді. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің «Креативті индустрияға жататын экономикалық қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер енгізілді. Нәтижесінде креативті индустрияға кіретін экономикалық қызмет түрлерінің (ЭҚЖЖ) саны 43-тен 53-ке де


Қазақстандық оқушылар халықаралық экономика олимпиадасында IEO бес медаль жеңіп алды
Қытай Халық Республикасының Сучжоу қаласында 12-20 шілде аралығында өткен экономикадан халықаралық олимпиадада (International Economics Olympiad, IEO 2026) қазақстандық оқушылар жоғары нәтиже көрсетті. Әлемнің 61 елінен 300-ге жуық дарынды оқушы қатысқан беделді білім додасында Қазақстан құрамасы бір алтын, үш күміс және бір қола медаль жеңіп алды. Қазақстан құрамасының қоржынына бір алтын, үш күміс және бір қола медаль түсті: Мұхтархан Батырхан - Астана қаласы Нұра ауданында


Магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеу басталды
Магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеу басталды, ол 10 тамызға дейін жалғасады. Естеріңізге сала кетсек, Кешенді тестілеуді тапсыруға өтініш қабылдау 1 маусым мен 8 шілде аралығында ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының сайтында app.testcenter.kz жүзеге асырылды. Биыл магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге 61 мыңнан астам өтініш (2025 жылы – 51 мың) қабылданды. Ең көп таңдалған білім беру бағыттары қатарында «Педагогикалық ғылымдар», «Инженерлік, өңдеу және


Қазақстан әлемдегі ең беделді химия олимпиадаларының IChO бірінде төрт медаль жеңіп алды
Өзбекстанның Ташкент қаласында өткен 58-ші Халықаралық химия олимпиадасында (International Chemistry Olympiad, IChO 2026) Қазақстан құрамасы 100 пайыздық нәтиже көрсетті. Ұлттық құраманың барлық төрт мүшесі жүлдегер атанып, бір алтын және үш күміс медаль жеңіп алды. Алтын медальді Өскемен қаласындағы NIS-тің 11-сынып оқушысы Женісханова Айзере жеңіп алды. Күміс медаль иегерлері: • Астана қаласы Нұра ауданындағы NIS-тің 11-сынып оқушысы Қали Әбілмансұр; • Алматы қаласындағы №1


«AI-Sana»: Абай университетінің студенттері ЖИ негізінде білім беру жобаларын әзірледі
Абай университетінде «AI-Sana» бағдарламасы аясында студенттердің жасанды интеллект саласындағы құзыреттерін дамыту жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Бағдарлама білім алушылардың заманауи технологияларды меңгеруіне, жасанды интеллект құралдарын білім беру үдерісінде тиімді қолдануына және инновациялық жобалар әзірлеуіне бағытталған. «AI-Sana» білім беру курсына қатысуға университеттің 2173 білім алушысы өтінім берген. Іріктеу нәтижесінде жобаға 979 студент қатысы


Елордада бастауыш сынып педагогтерінің республикалық жазғы сессиясы аяқталды
Астанада «Бастауыш мектептің жазғы сессиясы: Сапалы өзгерістер және кәсіби даму» республикалық семинары өз жұмысын аяқтады. Семинар барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың білім беру сапасын арттыру жөніндегі тапсырмаларын іске асыру, «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын, «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын, «Заң мен Тәртіп» қағидатын және жасанды интеллектіні білім беру үдерісіне енгізудің басым бағыттары талқыланып, педагогтер жаңа оқу жылына қатысты т


Колледждерге құжат қабылдау жалғасуда
Қазақстанда 2026-2027 оқу жылына колледждерге құжат қабылдау жалғасуда. Биыл жергілікті әкімдіктер мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында колледждерде мамандар даярлауға 140 мың грант бөлді. Бүгінгі таңда 55 мыңға жуық талапкер құжаттарын тапсырды. Мемлекеттік білім беру тапсырысының басым бөлігі еңбек нарығында жоғары сұранысқа ие техникалық мамандықтарға бағытталған. Сонымен қатар заманауи технологиялық үрдістер мен жұмыс берушілердің қажеттіліктеріне сәйкес жаңа перспект


Негізгі ҰБТ-2026 аяқталды
16 шілдеде Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында 2026 жылғы негізгі ҰБТ қорытындыларына арналаған брифинг өтті. Брифинг барысында тестілеу нәтижелері жарияланып, мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау конкурсына құжат қабылдау науканының барысы туралы айтылды. Іс-шараға ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің төрағасы Г.Жарасова, төраға орынбасары Ж.Есинбаева, со


ҚазҰУ «Цифрлық және зияткерлік шеберхананың» ІІ кезеңін іске асырады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытай Халық Республикасына жасаған сапары аясында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Jiangsu Huibo Robotics Technology» компаниясымен келісім жасады. Қазақстан-Қытай жоғары технологиялық компанияларының отырысында университет ректоры Жансейіт Түймебаев пен қытайлық компания басшылығы ресми құжатқа қол қойды. Меморандум бұған дейін құрылып, жұмыс істеп тұрған «Цифрлық және зияткерлік шеберхананың» бірінші кезеңінің нәтижесіне
bottom of page
