16-18 наурыз аралығында Алматыда «Оқытудың инновациялық моделі. Қазақстан мен Эстонияның білім беру жүйелері» атты халықаралық тағылымдама өтті. Эстон делегациясын Таллиннің білім беру мәселелері жөніндегі вице-мэрі Андрей Канте басқарды. Топ құрамында оңтүстік астанаға мектеп басшылары мен мұғалімдер келді, оларды Білім басқармасы мен Қалалық жаңа технологиялар ғылыми-әдістемелік орталығының өкілдері қарсы алды. Сапар бағдарламасы «Самғау» даму және шығармашылық орталығына б