top of page
"Современное образование" республикалық журналының редакциясы
Издается с 1999 года
Наши телефоны: +7 727 377 31 43, WhatsApp +7 778 312 37 64, e-mail: info@bilim.expert Индекс издания по каталогу АО "Казпочта" - 75895
Search


Үрімшіде Қазақстан-Қытай ғылыми-білім беру серіктестігін дамыту мәселелері талқыланды
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің делегациясы вице-министр Гүлзат Көбенованың жетекшілігімен Қытай Халық Республикасының Үрімші қаласында өткен Қытай мен Орталық Азияның өндіріс, білім беру, ғылыми зерттеулер және практикалық қолдану салаларындағы ынтымақтастық конференциясына қатысты. Конференция Қытай мен Орталық Азия елдерінің мемлекеттік органдарының, жоғары оқу орындарының, ғылыми-зерттеу ұйымдарының және кәсіпорындарының өкілдерін бір алаңға жинады. Конференция


Балаларға арналған білім беру-сауықтыру орталықтары электронды лицензиялауға көшуде
Қазақстанда балаларға арналған білім беру-сауықтыру орталықтары автоматтандырылған қызмет түріне қосылды. Енді ұйымдар лицензия алу үшін өтінімді мемлекеттік органдарға бармай-ақ, толық онлайн форматта elicense.kz порталы арқылы бере алады. Электронды формат рұқсат құжаттарын алу рәсімін жеңілдетіп, ұйымдардың уақыт және әкімшілік шығындарын азайтады, сондай-ақ процестің ашықтығын арттырады. Айта кетейік, 2026 жылдан бастап ҚР Оқу-ағарту министрлігі балаларға арналған білім б


Президент Қазақстанда ғылым мен инновацияларды дамытуға бағытталған заңға қол қойды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғылым, ғылымды қажетсінетін аумақтар, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, денсаулық сақтау және әскери қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Аталған заңның қабылдануы отандық ғылымды дамыту мен заманауи ғылыми-технологиялық саясатты қалыптастыру жолындағы маңызды қадам болды. Құжат ғылыми қызметті қолдаудың ж


Жетісу университеті THE Impact Ratings 2026 рейтингінде жоғары нәтиже көрсетті
І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Times Higher Education Sustainability Impact Ratings 2026 жаһандық рейтингіне қатысып, әлемнің 116 елінен 1646 университет арасында 1001-1500 орынды иеленді. Рейтингке жалпы қазақстандық ЖОО-нан 24 университет енді. Рейтинг шеңберінде білім беру сапасы, гендерлік теңдік, әріптестік, лайықты еңбек және экономикалық өсу, академиялық еркіндік, қоғамдық өмірге қатысу және орнықты дамудың басқа да негізгі аспектілері сараланды. Университ


Жұлдыз Сүлейменова республикалық оқыту семинарының ашылуына қатысты
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Астана қаласындағы № 100 «Келешек мектебінде» өткен республикалық оқыту семинарының ашылуына қатысты. Семинар «Халықтық Конституцияның нормалары мен құндылықтары негізіндегі «Таза Қазақстан», «Заң және тәртіп» және «Адал азамат» бағдарламаларын ілгерілету» тақырыбына арналды. Іс-шараға еліміздің барлық өңірлерінен 200-ден астам «Келешек мектептері» директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, мемлекеттік орг


С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің агротехнопаркіне Өзбекстан делегациясы барды
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің Ашық есік күні аясында Ислам Каримов атындағы Ташкент мемлекеттік техникалық университеті мен Әндіжан техникалық институтының өкілдері бар Өзбекстан Республикасының делегациясы экскурсия жасады. Қонақтар 2026 жылы университет қабырғасында құрылған Қазақстандағы тұңғыш мамандандырылған агротехнопарк – Сейфуллин атындағы университеттің агротехнопаркінде болды. Шамамен 1000 шаршы метр аумақты алып жатқан агротехно


Қазақстан еуропалық ғылыми орталықтармен жаңа стратегиялық серіктестіктер орнатты
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Бельгия Корольдігіне ресми сапары аясында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің бастамасымен Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы ғылыми-білім беру, инновациялық және технологиялық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған стратегиялық келісімдер топтамасына қол қойылды. Қол қою рәсіміне ҚР Премьер-министрінің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев, сондай-ақ ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұр


ҚР Ғылым министрі Брюссельде Еуропаның жетекші ғылыми ұйымдарымен келіссөздер жүргізді
Брюссельде ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Еуропаның жетекші университеттік және ғылыми ұйымдарының басшыларымен бірқатар кездесу өткізді. The Guild (Еуропаның жетекші зерттеу университеттерінің қауымдастығы) ұйымының Бас хатшысы Ян Палмовскимен өткен кездесуде қазақстандық жоғары оқу орындарының Еуропаның беделді университеттерімен серіктестігін кеңейту, бірлескен ғылыми жобаларды дамыту, Horizon Europe бағдарламасы аясында өтінімдер әзірлеу және халықаралық консорциумда


ҚазҰУ-дың 24 ғалымы Қазақстанның Топ-50 үздік оқытушысы қатарына енді
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 24 ғалымы Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамының Топ-50 бас рейтингіне енді. Рейтинг Қазақстан жоғары оқу орындарының сұранысқа ие болу деңгейінің тәуелсіз бағалауы негізінде жарияланды. Бұл нәтиже ҚазҰУ-дың еліміздегі жетекші ғылыми-білім беру орталықтарының бірі екенін тағы да дәлелдеді. Университет өкілдері рейтингке енген қатысушылардың жартысына жуығын құрап, қазақстандық жоғары оқу оры


Жетісу университетінде диплом табыстау рәсімі басталды
Еліміздегі жоғары оқу орындарының арасында алғашқылардың бірі болып диплом тапсыру рәсімін бастаған І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті тағы бір маңызды кезеңді абыроймен өткеруде. Бұл – оқу орнының білім беру үдерісін тиімді ұйымдастырып, түлектердің жаңа өмір жолына уақытылы қадам басуына жағдай жасап отырғанының айқын көрінісі. Биыл диплом табыстау рәсімдері университеттің 6 факультетінде және Жансүгіров колледжінде ұйымдастырылуда. Салтанатты шаралар толық жөндеуде


Қазақстандық колледждерге құжаттарды қабылдау 25 маусымда басталады: 140 мың грант бөлінді
Қазақстанда 25 маусымнан бастап техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжат қабылдау басталады. 2026–2027 оқу жылына мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша колледждерге 140 мың орын бөлінді. Талапкерлер құжаттарды Egov.kz порталы арқылы немесе колледжге барып электронды түрде тапсыра алады. Мемлекеттік білім беру тапсырысы техникалық мамандықтар бойынша ұлғайтылды. Орта буын мамандықтары мен қолданбалы бакалавриатқа түсушілер үшін конкурс мін


Алматыда «Мектеп мектеп үшін» пилоттық жобасы аяқталды
2025–2026 оқу жылы бойы Алматының жеті мектебінде «Мектеп мектеп үшін» жобасы жүзеге асырылды. Бұл жобада №105 гимназия ментор (тәлімгер) ретінде қатысса, №40, 20, 47, 171, 121 және 66 мектептер менти (тәлім алушы) болды. Жобаны Алматы қалалық Білім басқармасы мен еліміздің мектептеріне арналған шет тілі оқу-әдістемелік кешендерін әзірлеуші — EDU Stream халықаралық тіл академиясы ұйымдастырды. Академия Қазақстанда, Ресейде және Германияда филиалдар желісіне ие және білім беру


Жұлдыз Сүлейменова Ташкент қаласындағы Ұлттық педагогикалық шеберлік институтының жұмысымен танысты
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Өзбекстан Республикасына жұмыс сапары аясында Ұлттық педагогикалық шеберлік институтына барды. Қазақстандық делегацияға институттың қызметі және педагогтердің біліктілігін арттыру жүйесін ұйымдастыру бағыттары таныстырылды. Мұғалімдердің кәсіби дамуына арналған бағдарламаларға, оқытудың заманауи форматтарына және білім беру үдерісінде цифрлық технологияларды қолдану тәсілдеріне ерекше назар аударылды. Делегация


Кабулда су ресурстарын басқару саласындағы алғашқы Қазақстан-Ауғанстан білім беру және ғылыми-зерттеу орталығы құрылады
Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті және Кабул университеті арасында су ресурстарын басқару мен ирригация, климаттың өзгеруі жағдайында ауыл шаруашылығын орнықты дамыту саласындағы ынтымақтастық бойынша ниеттестік туралы тиісті келісім жасалды. Құжатқа вице-премьер - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин бастаған қазақстандық делегацияның Ауғанстанға сапары шеңберінде қол қойылды. Орталықты Кабул университет


Қозыбаев университетінің ғалымдары мен студенттері Ақ-Ирий» қалашығында жүргізілген археологиялық жұмыстарын аяқтады
Қозыбаев университетінің ғалымдары мен студенттері Солтүстік Қазақстандағы ежелгі «Ақ-Ирий» қалашығында жүргізілген биылғы археологиялық маусымның жұмыстарын аяқтады. 17 күнге созылған экспедиция барысында көптеген құнды деректер мен тың жаңалықтар жинақталды. Қоныс Солтүстік Қазақстан облысындағы Долматово ауылының маңында биік үшбұрышты мүйісте орналасқан, үш жағынан 40 метрлік өзен жартастарымен қорғалған, ал екінші жағынан қорған бекіністерімен бөлінген. Ғалымдардың пікір


Қазақстанда киберқауіпсіздік мамандарын даярлау басталды
Қазақстанда «Red Team & Blue Team Cyber Academy» білім беру бағдарламасына іріктеудің қорытындысы шығарылды. «Ұлттық киберқалқан» CTF-турнирінің нәтижесі бойынша грант иегерлері атанған қатысушылармен салтанатты кездесу өтті. Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Досжан Мұсалиевтің қатысуымен өткен іс-шара ақпараттық қауіпсіздік саласындағы IT-мамандар мен жаңадан бастаған сарапшылар арасында жобаға деген сұраныстың жоғары екенін дәлелдеді: еліміздің барлық өңірін


Қазақстандық жас математиктер Балқан олимпиадасында әлемнің үздік бестігіне енді
Қазақстанның жас математиктері халықаралық білім додасында тағы бір мәрте ел абыройын асқақтатты. Румынияның Бузэу қаласында өткен Жасөспірімдер арасындағы Балқан математикалық олимпиадасында (Junior Balkan Mathematical Olympiad, JBMO) ұлттық құрама жоғары нәтиже көрсетіп, әлемнің ең мықты командаларының қатарынан көрінді. 2026 жылғы 15-20 маусым аралығында ұйымдастырылған беделді жарысқа 23 мемлекеттен 140-қа жуық дарынды оқушы қатысты. Қазақстан құрамасының сапында бақ сына


Қазақстан мен Қырғызстанның Ғылым академиялары Даланы зерттеу жөніндегі консорциум құрды
Ұлттық ғылым академиясының ұйымдастыруымен Алматы қаласында «Қазақ-қырғыз ғылыми ынтымақтастығы: ортақ мүдделер мен ерекшеліктер» атты ғылыми-интеграциялық форум өтті. Форум Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы ғылыми дипломатияны дамытуға, ортақ тарихи-мәдени мұраны зерттеуге және ғылыми ынтымақтастықтың жаңа тетіктерін қалыптастыруға арналды. Форум жұмысына мемлекеттік органдардың өкілдері, екі елдің ұлттық ғылым академияларының басшылары, академиктер, жетекші ғалымдар, сара


ҚазҰУ-да еліміздегі алғашқы «Quantum AI» зертханасы іске қосылды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Quantum AI» зертханасының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект факультетінің базасында құрылған жаңа ғылыми-білім беру орталығы республика аумағындағы баламасыз әрі теңдессіз инновациялық орталық ретінде іске қосылды. Ауқымды жоба алдыңғы қатарлы кванттық жүйелерді өндіруге маманданған SpinQ Technology (ҚХР) халықаралық технологиялық компаниясының қолдауымен жүзеге асырылды. Жаңа орталық


Қазақстан Республикасы Президентінің бастамалары аясында адам капиталын дамыту
Білім беру – адам капиталын, елдің құндылықтары мен бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыратын мемлекеттік саясаттың негізгі тірегі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың білім беру саласына беруге ерекше назар аударуы және осы саладағы ауқымды реформалары отбасы мәртебесіне және тұрғылықты жеріне қарамастан (мейлі ол ауыл немесе қала болсын) әрбір балаға сапалы білім мен қауіпсіз ортаға тең қол жеткізу кепілдендірілген, ал педагогтердің мәртебесі заңмен нығайтылған з
bottom of page
