top of page

Жұлдыз Сүлейменова Ташкент қаласындағы Ұлттық педагогикалық шеберлік институтының жұмысымен танысты

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Өзбекстан Республикасына жұмыс сапары аясында Ұлттық педагогикалық шеберлік институтына барды.


Жұлдыз Сүлейменова Ташкент қаласындағы Ұлттық педагогикалық шеберлік институтының жұмысымен танысты

Қазақстандық делегацияға институттың қызметі және педагогтердің біліктілігін арттыру жүйесін ұйымдастыру бағыттары таныстырылды. Мұғалімдердің кәсіби дамуына арналған бағдарламаларға, оқытудың заманауи форматтарына және білім беру үдерісінде цифрлық технологияларды қолдану тәсілдеріне ерекше назар аударылды.


Делегация кітапхана, JALINGA студиясы және STEAM-орталықтың жұмысымен танысты. Аталған алаңдарда педагогтерді даярлаудың тәжірибеге бағытталған әдістері қолданылып, цифрлық білім беру материалдары әзірленіп, заманауи кәсіби құзыреттерді дамытуға бағытталған жобалар жүзеге асырылуда.


Жұлдыз Сүлейменова Ташкент қаласындағы Ұлттық педагогикалық шеберлік институтының жұмысымен танысты

Сапар барысында үздіксіз білім беру жүйесін дамытуға, мұғалімдерге әдістемелік қолдауды жетілдіруге және заманауи білім беру технологияларын енгізуге бағытталған инновациялық шешімдер мен құралдар да таныстырылды.


Жұлдыз Сүлейменова Ташкент қаласындағы Ұлттық педагогикалық шеберлік институтының жұмысымен танысты

Comments


© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page