+100: Abai University QS Sustainability Rankings 2026 рейтингінде позициясын жақсартты
- Редакция "СО"

- 43 minutes ago
- 1 min read
2025 жылғы 18 қарашада жоғары білім беру саласындағы халықаралық талдау агенттігі QS Quacquarelli Symonds тұрақты даму мақсаттарына бағытталған әлемнің жетекші университеттерінің кезекті рейтингін – QS Sustainability Rankings 2026 жариялады. Рейтингке 108 елден 1994 университет, оның ішінде Азиядан 827 және Қазақстан Республикасынан 23 жоғары оқу орны енді.

Рейтинг қорытындысы бойынша Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті өткен жылмен салыстырғанда жаһандық тізімде 100 орынға жоғарылап, 1101-1150 диапазонында бой көрсетіп, Қазақстан бойынша 4-орынды иеленді. Бұл университеттің тұрақты даму мақсаттарын білім беру, ғылыми және басқару қызметіне жүйелі түрде енгізуінің сәтті нәтижесі.
Университет келесі көрсеткіштер бойынша ерекше жоғары жетістіктерді көрсетті:
• Тиімді басқару (Good Governance) – университеттің басқару процестері мен даму стратегиясының сапасын көрсетеді.
• Қоршаған ортаны қорғау саласында білім беру (Environmental Education) – университеттің экологиялық сауаттылықты арттыруға және студенттердің хабардарлығын арттыруға бағытталған бағдарламаларды әзірлеуге қосқан үлесін көрсетеді.
• Қоршаған ортаны қорғау саласындағы зерттеулер (Environmental Research) – экология және қоршаған орта саласындағы ғылыми зерттеулердің жоғары деңгейін растап, Қазақстан университеттері арасында 1-орынға тұрақтады.
• Health & Wellbeing – студенттер мен қызметкерлер үшін жайлы, қауіпсіз және қолдау көрсететін ортаны құруға бағытталғанын көрсете отырып, қазақстандық университеттер арасында бірінші орынға ие болды.
Университеттің осы рейтингтегі жетістіктері оның үздіксіз жетілдіруге, білім беру және ғылыми экожүйені дамытуға, әлеуметтік жауапкершілікті күшейтуге және тұрақты академиялық ортаны қолдауға ұмтылысын тағы бір мәрте растайды.
Abai University білім беруді дамытуға арналған заманауи тәсілдерді белсенді түрде енгізіп, жоғары халықаралық стандарттарға сәйкестікті қамтамасыз етуде. Осылайша университетіміз еліміздің жетекші педагогикалық жоғары оқу орны ретіндегі мәртебесін жүйелі түрде нығайтып келеді.



Comments