AI газ өнеркәсібіне енгізілуде
- Редакция "СО"

- Oct 3
- 1 min read
2–3 қазанда “QazaqGaz” ҰК” АҚ алғашқы ғылыми-технологиялық сессиясы өтті. Іс-шараға ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, “Самұрық-Қазына” АҚ дамыту және жекешелендіру жөніндегі басқарушы директоры Салтанат Сәтжан, “QazaqGaz” ҰК” АҚ басқарма төрағасы Әлібек Жамауов қатысты.

Хакатон “QazaqGaz Ғылыми-техникалық орталығы” ЖШС ықпал етуімен ұйымдастырылды. Айта кетейік, орталық QazaqGaz компаниялар тобы инжинирингтік кәсіпорындар, технологиялық стартаптар, сондай-ақ, ғылыми ұйымдар мен еліміздің университеттері - Назарбаев университеті, Азаматтық авиация Академиясы, Астананың ұлттық лабораториясы, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясымен байланыс орнату үшін стратегиялық алаң болып отыр.
Басты мақсат - газ саласына инновациялық жаңашылдықтар мен ұтымды шешімдер енгізу.
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Қазақстанның газ саласы жаңа тәуекелдер алдында тұрғанын айтты. “Газ саласына заманауи технологиялық шешімдер қажет. Сала ғылым жүйесіне сүйеніп дамуы керек. Бүгінгі сессияның басты мақсаты - ықтимал тәуекелдерді талқылап қана қоймай, газ саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған ғылыми-инновациялық жобаларды анықтап, өндіріске енгізу”,-
деді министр.



Comments