top of page

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «МИФИ» Ұлттық ядролық зерттеу университетінің филиалы

Updated: Aug 29

2022 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Алматыда Ресейдің жетекші техникалық университеттерінің бірі – «МИФИ» Ұлттық ядролық зерттеу университетінің (МИФИ ҰЯЗУ) филиалы ашылды. Бүгінгі таңда филиал әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің базасында жұмыс істейді.

 

Филиал НИЯУ «МИФИ» в КазНУ им. аль-Фараби: три волны экзаменов проходят в Алматы

МИФИ ҰЯЗУ – инженерлік және физика-математикалық білім беру саласында танылған көшбасшы, «Росатом» мемлекеттік корпорациясының халықаралық филиалдарды қоса алғанда, 17 филиалдан тұратын кең желісі бар тірек ЖОО. ЖОО ядролық білім беру бойынша әлемдегі топ-5 (RUR), физика саласындағы әлемдегі топ-40 (U. S. News), Physics & Astronomy (QS World Rankings) бойынша топ-75-ке кіреді. МИФИ ҰЯЗУ-дің Алматыдағы филиалы – бұл Қазақстаннан шықпай-ақ заманауи инженерлік-физикалық білім алуға және халықаралық ғылыми-технологиялық қоғамдастықтың бір бөлігі болуға бірегей мүмкіндік. Филиал ядролық физика және инженерия, сондай-ақ ақпараттық технологиялар саласында жоғары білікті мамандарды даярлауға бағытталған. МИФИ ҰЯЗУ филиалын профессор, физика-математика ғылымдарының докторы Дәулетов Асқар Ерұланұлы басқарады.


БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ

Бакалавриат

• 14.03.02 Ядролық физика және технологиялар

• 09.03.01 Информатика және есептеу техникасы

Магистратура

• 09.04.01 Информатика және есептеу техникасы

 

ОҚУҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

Қабылдау Алматы филиалы өткізетін түсу емтихандарының нәтижелері бойынша жүзеге асырылады. Грант алу конкурсына қатысу үшін математика, физика, орыс тілі пәндерінің әрқайсысы бойынша 100-ден 40 балл жинау қажет.


Филиал НИЯУ «МИФИ» в КазНУ им. аль-Фараби: три волны экзаменов проходят в Алматы

ЕМТИХАН КҮНДЕРІ

Бакалавриат (оқуға түсер алдындағы сынақтар):

1-ші толқын:

Орыс тілі: 2025 жыл 9 шілде

Математика: 2025 жыл 11 шілде

Физика: 2025 жыл 15 шілде

2-ші толқын:

Орыс тілі: 2025 жыл 29 шілде

Математика: 2025 жыл 31 шілде

Физика: 2025 жыл 2 тамыз

3-ші толқын:

Русский язык: 2025 жыл 17 тамыз

Математика: 2025 жыл 19 тамыз

Физика: 2025 жыл 21 тамыз

Магистратура (әңгімелесу):

1-ші толқын: 2025 жыл 21-22 шілде

2-ші толқын: 2025 жыл 4-5 тамыз

3-ші толқын: 2025 жыл 18-19 тамыз


ГРАНТТАР

Жыл сайын бакалавриатқа 100 және магистратураға 30 қазақстандық грант бөлінеді. Грант барлық төрт жылдық оқуды қамтиды.


ОҚУ ЖӘНЕ ТҰРУ

1, 2 және 4-курста оқу Алматыда өтеді. Басқа қаладан келген студенттер жайлы тұру үшін оларға барлық қажетті жағдайы жасалған жатақхана беріледі. Жатақханада тәулік бойы қауіпсіздік қамтамасыз етіледі, өткізу режимі қолданылады, сондай-ақ Интернетке кіру мүмкіндігі беріледі. 3-курста оқу Ресейде өткізіледі, студенттерге бару-қайту билеттері және тұру ақысы төленеді.

Оқу үлгерімі жақсы студенттерге стипендия қарастырылған.

МИФИ ҰЯЗУ филиалының студенттері халықаралық ғылыми жобалар мен алмасу бағдарламаларына қатысады, атом саласының жетекші кәсіпорындарында және IT-компанияларда тағылымдамадан өтеді, Мәскеудегі Бас ЖОО-да және оның филиалдарында оқуын жалғастыруға мүмкіндік алады, заманауи зертханалар мен халықаралық зерттеу орталықтарына бара алады. Өз бетінше жұмыс істеуге, сыни ойлауды және кәсіби дағдыларды дамытуға ерекше назар аударылады, бұл болашақ мансапқа сәтті дайындалуға ықпал етеді.

Филиал магистратурасының түлектері 100% жұмысқа орналасуды көрсетеді. Оқу барысында алынған білім, практикалық дағдылар және нақты жобаларға қатысу оларды ядролық технологиялар, цифрлық шешімдер, бағдарламалық инженерия және өнеркәсіптік автоматтандыру сияқты салаларда бәсекеге қабілетті маман етеді.


ОҚУҒА ТҮСУГЕ ҚАЛАЙ ДАЙЫНДАЛУ КЕРЕК

Ашық есік күндері жыл сайын наурыз айында өтеді, ол жерде талапкерлер мен олардың ата-аналары филиалдағы білім беру бағдарламаларымен, оқытушылармен және оқу шарттарымен таныса алады.

Сондай-ақ, дайындық бөлімі «МИФИлік физика» білім беру орталығымен бірлесіп жұмыс істейді, онда филиал оқытушылары физика, математика және орыс тілі бойынша түсу сынақтарына сапалы дайындыққа бағытталған бірегей бағдарлама бойынша сабақ жүргізеді.


«МИФИ» Ұлттық ядролық зерттеу университетінің (Ресей) әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасындағы филиалы – бұл ғылыми жаңалықтар мен технологиялық инновациялардың алдыңғы қатарында болуды армандайтындар үшін бастапқы алаң. Егер сіз сұранысқа ие мамандық алып, ғылыми-техникалық прогрестің бір бөлігі болғыңыз келсе, бізге қосылыңыз!


БАЙЛАНЫСТАР

Телефоны (WhatsApp / Telegram):

+7 778 637 63 97 (қабылдау комиссиясы)

+7 705 211 04 04 (дайындық бөлімі)

Электрондық пошта: ANAldiyarova@mephi.ru, AFinfo@mephi.ru

Мекенжайы: Әл-Фараби даңғылы, 71/23, физика-техникалық факультетінің ғимараты, 3-қабат, МИФИ ҰЯЗУ АФ блогы

Comments


© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page